Ақтөбе облысы Полиция департаменті 15 мамыр күні болған жол-көлік оқиғасының куәгерлерін іздейді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Айта кетейік, 15 мамыр күні сағат кешкі 17:15-те “Паз” маркалы №11 автобус Пацаева көшесі бойындағы “Әкімдік” аялдамасынан қозғалар кезде жабылмай қалған алдыңғы есіктен автобус кондукторы құлап кеткен. Ол бас жарақатын алған. 24 мамыр күні кондуктор Жедел жәрдем ауруханасында көз жұмды. "Автобус салонында 20-25 жолаушы болған. Жол-көлік оқиғасының куәгерлері мен ол туралы білген-көрген адамдар болса, 936-403, 936-408, 8 777-353-24-10, 8 702 226-44-03 ұялы телефондарына хабарласуыңызды немесе Ақтөбе облысы ПД Анықтау басқармасына №403 кабинетке жолығуыңызды сұрайды", - делінген хабарламада.