Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауов басқа бап бойынша сотталатын болады. Мұндай Қаулы Жоғарғы Соттың ресми сайтында жарияланды. Соған сай, бұрынғы шенеунік қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін жауап береді. Есте болса, бұған дейін атқамінердің тергеліп жатқанын ресми растаған Ұлттық қауіпсіздік комитеті «лауазымды уәкілеттілігін асыра пайдаланды» деп күдіктенген-ді. Мұндай қылмысқа 5-тен 10 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Тағылған жаңа айыптың бұрынғыдан айтарлықтай айырмашылығы болмағанымен, абақтыда 7 жыл отыруы мүмкін. Тіпті, шартты түрде сотталуы да ғажап емес. Экс-әкімге қатысты алғашқы тыңдалым ертең өтуі тиіс. Естеріңізге сала кетейін, Бақауов заң қырына қаңтар айында ілінді. Бастапқыда тергеу изоляторына жабылған ол бір айдан кейін үй қамаққа алынды. https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=6rTYThu50E0&feature=emb_logo