Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен коронавирус инфекциясының пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында ел тұрғындарының бекітілген карантиндік режимді қатаң сақтауды бақылауға алу мәселесі қаралды, - деп хабарлады primeminister.kz.
«Біршама өңірлерде ауруды жұқтыру саны көбейіп отыр, бұл тікелей карантиндік талаптардың орындалмауына байланысты. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай өңірлер санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын бақылауды ұйымдастырып, оларды орындамаған азаматтарға, мекемелерге, өндіріс объектілері мен кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тиісті шаралар қабылдауы керек», - деді Е. Тоғжанов.Осыған орай, өңірлердің әкімдіктері мен мемлекеттік органдарға тапсырылды:
- еңбек ұжымдарында әлеуметтік қарым-қатынастың деңгейін барынша төмендету (қызметкерлердің 50% қолдану);
- жұмыс күні барысында бетперде тағу және уақтылы ауыстыруды бақылауда ұстауды ұйымдастыру;
- әлеуметтік ара қашықтықты сақтау мүмкіндігін жасау;
- қоғамдық көлікке жолаушылардың тек арнайы отыру орындарына сәйкес және міндетті түрде маскасы бар болған жағдайда ғана мінуін қамтамасыз ету;
- қорғаныс, ішкі істер қызметкерлерінің қатысуымен қоғамдық және өндіріс орындарын, мекемелер мен объектілерді дезинфекциялау шараларын күшейту.