Қоғамдық кеңестің жұмысы талқыланды
Қоғамдық кеңестің жұмысы талқыланды
5,145
оқылды
Nur Otan партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің онлайн отырысы өтті. Күн тәртібінде Алматы облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінде 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының орындалу барысы, Ақсу, Ұйғыр аумақтық партия филиалдары жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің жұмысы қаралды. Алматы облыстық Мем­ле­кеттік кірістер департаментінің есебіне сәйкес, 2020 жылдың бірінші тоқсанында қызметтік тергеу бөлімімен 14 қызметтік тексеру жұмысы жүргізіліп, тәр­тіптік комиссияның 15 отырысы өткен. Қызметтік тексеру ма­те­риалдарын қарау нәтижесі бойынша жүргізілген жұмыстар тиісті хаттамамен рәсімделді. Тәртіптік комиссияның ұсы­нымдары басшылыққа жі­беріліп, департаменттің 11 қыз­меткері тәртіптік жауап­кер­шілікке тар­тылды. Сонымен қатар бірінші тоқсанда барлығы 35 се­минар-кеңес, 8 ашық есік, 39 дөңгелек үстел ұйым­дас­тырылған. Жиын соңында Ақсу, Ұйғыр ауданы бойынша қоғамдық кеңес мүшелерінің белсенділігін арт­тыру тапсырылды. Сондай-ақ кеңес мүшелері қаулы қа­былдап, мекеме басшыларына ұсыныс-ескертпелер бойынша бірқатар тапсырма берді.  

Әбілмансұр ЖАСАН