Ақтөбе облыстық волейбол командасының құрамы жалақының кешеуілдеуін айтып бірнеше рет шағымданған. Бұл мәселе Nur Otan партиясы филиалы кіріскен соң шешімін тапты. Аймақтағы партиялық бақылау комиссиясының отырысында барлық спорттық ойын өткізілгенімен, 20 спортшының 5 ай уақыт ішінде ақшасын алмағаны белгілі болды. Ақтөбе облысының Денешынықтыру және спорт басқармасының басшылығы олардың жұмыс актілеріне наурыздың басында қол қойғандарын жоққа шығармады. Бірақ кейіннен «ПОШ» сауықтыру орталығын (оның құрамына волейбол ойыншылары кіреді) мемлекеттік сатып алудың күмәнді қатысушысы деп тану туралы сотқа шағым түсірген. Бұл ойыншыларға бөлінген ақшаны төлемеуге себеп болды. – Атқарылған жұмыстардың актісі бар, спорт командасы жарысқа кетті, ал волейболшылардың өздері қазір қиын жағдайда. Қарапайым адамдар зардап шекпеуі керек, – деп атап өтті партиялық бақылау комитетінің төрағасы Сергей Вишняк. Отырыстың ертесінде облыстық Спорт басқармасы ойыншыларға 11,7 миллион теңге көлеміндегі қарызын төледі.
А.ЖАСАНҰЛЫ