Ақтөбеде саудагерлер ереуілге шықты

Ақтөбеде саудагерлер ереуілге шықты

Ақтөбеде орталық базардың саудагерлері ереуілге шықты. 25 мамыр күні 100-ге жуық адам базардың кіре­бе­рі­сіне жиналды. Олар биліктен павильон­дарды ашуды талап етті. БАҚ өкілдерінің хабарла­уын­ша, қаладағы саудагерлер екі ай жұмыссыз отырған.  Сол уа­қыт аралығында жалдау ақы­сы­ның 50 пайызын төлеп, несие­сін өтеген. Қалай күн көрерін ойлап діңкелеген халық базардың жұмысы жандануын күткен. Жер­гі­лікті билік базарды 25 ма­мыр күні ашамыз деп уәде беріп, бірақ бекітілген күні аш­па­ған. Өйткені аймақта коро­на­вирус өсімі 7 пайыздан асқан соң, орталық базарды ашу уақыты 1 маусымға ауысқан. Базар алдында жиналған нөпір оқиға орнына келген полицияға базынасын жеткізген-ді. Рика телеарнасы түсірген сюжетте Ғалия есімді сатушы қазір бәрі­нің ақшасыз отырғанын, сон­дық­тан әкімдіктен орталық базар­ды ашуын сұраған. Ол сау­да­герлердің мемлекеттен ақша сұрамайтынын, тек еңбекпен ақша табуға мүмкіндік беруін өтінген. Сондай-ақ 42 500 тең­ге алуға кейбірінің өтініші жа­ра­мағанын, көпшілігі пәтер жал­дап тұратынын айтқан. Сауда жаса­маса да, жалдау ақысының 50 пайызын төлегендерін атап өтті. Енді қалай күн көрерін білмей жүрген саудагерлер әкімдікке мұң шаққысы келеді. Олар базар ашылса, санитарлық талапты сақтап, жұмыс істеуге бекініп отыр. Көктемде, жазда сұранысқа ие болмайтын тауарлар қалған. Ал жалға алушылардың жазғы маусымға арналған тауарларды сатып алуға ақшасы жоқ. Ашуға булыққан саудагерлер әкімдікке хат жазып, 200-ден астам қол жинаған. Әкімдік базардың ашыл­ма­уын COVID-19 індетімен байла­ныс­­ты екенін түсіндірсе де, сау­­­дагерлер тыншымай жүр. Жи­­нал­ған жұрттың арызын тың­­дауға қалалық Тауарлар мен қыз­­меттердің сапасы мен қауіп­­­сіздігін бақылау бөлімінің бас­­­ты­ғы Аманжол Өтеғалиев кел­ген. Ол базардың нақты қа­шан ашы­латынын дөп басып айта ал­май­тынын бәрі коро­на­ви­рус­тың таралу деңгейіне байла­ныс­ты екенін атап өткен. Алайда ақтөбеліктер мұндай жауапқа қанағаттанбады. Кәсіп­кер­лер қала әкімі Асхат Шаха­ров­тың атына үндеу жолдады.  

Айбике ЖАНАСЫЛ