Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Шаруаның мұңын кім тыңдайды?

«Айқын» ақпарат
Мамыр 27, 2020
Жаңалықтар, Әлеумет, Қазақстан
Шаруаның мұңын кім тыңдайды?
87
қаралым

Қазақстанда көктемгі дала жұмыстары аяқталуға жақын. Алайда кейбір ша­руа­шылықтар еккелі отыр­ған астығынан айы­ры­лып, техникасыз қалып отыр. Бұл жағдай Солтүстік Қа­зақ­стан, Қостанай және Ақмо­ла облыстарындағы бір­қатар фермерлік қожа­лық­қа ортақ.

Azattyq Rýhy порталының жа­зуынша, бір апта бұрын Ақ­мола облысы Егіндібұлақ ауда­­нындағы «Бауманское 2030» шаруашылығына сот орын­дау­шы­лары арнайы жасақпен сау ете түскен. Әскерилер астық тұрған қойманың қақпасын бұзып, тұқымға деп арнап отырған 1 000 тонна астықты тиеп алып кеткен. Шаруашылық қызметкерлері нағыз егін егетін кезде тұқым­сыз қалғанына назалы. «Олар қоршауды сындырып, асты­ғы­мызды алып кетті. Егер шаруа­шы­лық жұмысы тоқтаса, біз де күнкөріссіз қаламыз» деп мұң ша­ғады астық қоймасының мең­герушісі Оксана Иванюк Azattyq Rýhy тілшісіне.

Үш бірдей облыста шаруа­шы­лық жүргізіп, 40 шақты фер­мерлік қожалық құрған «Алиби» агрохолдингі былтыр банкротқа ұшыраған. Несиесін төлей алмай тірлігі тоқыраған компанияға ин­весторлар көмекке келіпті. Проблемалы шаруашылықтар инвесторларға мемлекет кепіл­ді­гімен берілген. Алайда кері кет­кен істі алға сүйремек болған кә­сіп­керлердің жұмысына ке­дер­гі көбейген. Бұрын «Алиби» холдингіне қарасты шаруа­шы­лық­тарда жұмыс істеп келген мың­даған адам табысынан қа­ғыл­ғалы отыр.

Nur Otan Түркістан облысында туризмді дамытады

Ғалымдар коронавируспен күресте пайдалы табиғи өнімдерді атады

826 келі пиротехникалық өнім тәркіленді

Ақмола облысының Егіндікөл ауданындағы «Бауманское 2030» ЖШС-де Бауманское ауы­лы­ның 250 тұрғыны жұ­мыс іс­тей­ді. Кәсіпорын елді ме­­­кен­дегі 700 мыңға тарта адам­ды азық­пен қамтамасыз етеді. Ша­руа­­шылыққа тиесілі жер кө­лемі 75 мың гектардай алқап, бұл көр­сет­кіш аудан терри­то­рия­­­сының үштен біріне тең. Кә­сіп­­­орынға тиесілі жерден өн­дір­ген өнім шығыны гектарына 20-25 центнерден айналып отырған. «Біз сот орындаушыларынан қа­рызға қатысты барлық істі күзде өнім алған кезде қарастыруды сұрадық. Алайда олар көнбеді. Арнайы жасақпен сау етіп жетіп келіп, астық қоймасын бұза бас­тағанда ауыл тұрғындары да, жұмысшылар да шошынып қалды. Дәл қазір егістік науқаны қызып тұрған шақта біз бір апта уақытымызды жоғалттық», – дейді «Бауманское 2030» ЖШС директоры Ерлан Шаяхметов.

Дәл қазіргі сәтте шаруа­шы­лыққа 2 200 тонна астық тұқымы жетпей тұр. Е.Шаяхметовтің ай­туын­ша, ол басқаратын ком­­пания тұралап қалған шаруашылық жұмысын былтыр қолға алған. «Біз инвестор ретінде жұмысқа енді кірісе бастағаннан-ақ сот орындаушылары келіп мазалай бастады. 2019 жылдың өзінде 800 бас ірі қараны, жылқы мен тех­никаны алып кетті. Егер бір сиырдың нарықтағы орташа құны 300 мың теңге десек, олар оны 110-120 мың теңгеге сатып жіберді», – дейді компания директоры.

Көрші Есенгелді ауылын­да­ғы «Тілекей Агро» шаруа­шы­лы­ғындағы жағдай да осыған ұқ­сас. Биыл 35 мың гектар жерге бидай еккелі отырған жерінен 4 мың тонна астығын сот орын­дау­шылары алып кеткен. «Олар былтыр 400 бас ақ бас сиыр тұқым алып кетіп, бір басын 60 мың тең­геден сатып жіберді. Біз бұл жағ­дайға таңғалып отырмыз. Бізді қорғайтын заң бар ма?» деп күйінеді шаруашылық директоры Жанат Қозыбағаров.

Олар «алдағы уақытта ша­руа­шы­лықтың бұрынғы иелерінен қалған техниканы да сот өкілдері алып кете ме?» деген қаупі барын айтады.

Astana телеарнасының хабар­ла­уынша, Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау және Ғабит Мүсірепов ауданындағы аграр­шы­лардың ахуалы қиындаған. Жоғарыда аталған «Алиби» агрохолдингінен «мұраға» қалған мәселе ол жақта да шешілмей тұр. Ғ.Мүсірепов ауданы Тохтаброд ауылындағы шаруашылық иеле­рін де сот орындаушылары ал­қым­­нан алған. «Екі күн бұрын сот орындаушылары бізден егін егетін қондырғыны тәркіледі. Қазір егістік науқаны жүріп жа­тыр. Бұл техника бізге ауа­дай қа­жет. Кәсіпорында 280 адам жұ­мыс істейді. Егер сот орын­дау­шылары бізге бөгет жа­сай берсе, шаруашылық ісі тоқ­тап қа­луы мүмкін», – дейді теле­ар­на­ға мұңын айтқан фермер Ринат Жұмабаев.

«Алиби» агрохолдингі банк­рот болған соң оған қарасты 40 шақты шаруашылықты ин­вес­­торлар кепілдікпен алып, іске кіріскен. Мемлекеттік ко­мис­сия шешімінен кейін бұрын­ғы ком­­панияның қарызын ин­вес­­торлар 15 жылдың ішінде төлеуі тиіс болған. Алайда сот орын­­дау­шылары комиссия шешімі­мен келіспей, жұмысқа кедергі келтіруде.

Осылайша, тұралап қалған салаға қаржы құйып, жаңадан іс бастағалы отырған кәсіпкерлер қоғамнан көмек сұрап, істің ақ-қарасын ажырататын жандарды іздейді. Олардың айтуынша, жергілікті атқарушы органдар мен агросекторға қаржылай қолдау көрсететін ұйымдардан әлі қайран болмай тұр.

 

Бауыржан БАЗАР

 

 

 
Тегтер: дала жұмысыкөктемөнімшаруа
Алдыңғы жаңалық

Бір тәулікте 335 адамнан коронавирус анықталды

Келесі жаңалық

Блокпостта полицейлерді өлтірген BMW жүргізушісі қылмысқа қасақана барған болуы да мүмкін – Сүлейменов

Ұқсас жаңалықтар

Қуат Хамитов, сот, Алматы,
Жаңалықтар

Қуат Хамитовтың ісі сотта қаралып жатыр

Қаңтар 18, 2021
Ту, Мақтаарал, су тасқыны, апат
Жаңалықтар

Туды судан алып шыққан полицей «Халық алғысы» медалімен марапатталды

Қаңтар 18, 2021
халыққа қызмет көрсету орталығы, астана, жұмыс кестесі
Жаңалықтар

Астанада ХҚКО-ның жұмыс кестесі өзгерді  

Қаңтар 18, 2021
Мейрамбек Бесбаев, коронавирус, ауру, әнші
Жаңалықтар

Дәрігерлер Мейрамбек Бесбаевтың денсаулығы туралы айтты

Қаңтар 18, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қуат Хамитовтың ісі сотта қаралып жатыр

Қаңтар 18, 17:09

Туды судан алып шыққан полицей «Халық алғысы» медалімен марапатталды

Қаңтар 18, 16:53

Астанада ХҚКО-ның жұмыс кестесі өзгерді  

Қаңтар 18, 16:16

Дәрігерлер Мейрамбек Бесбаевтың денсаулығы туралы айтты

Қаңтар 18, 15:44

Жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандар қатаң жазаланатын болды

Қаңтар 18, 15:28

Қаламгер Ғабит Мүсіреп Egemen Qazaqstan газетінің бас редакторы болып тағайындалды

Қаңтар 18, 14:52

Алматыда басқарма басшысы не үшін ұсталды?

Қаңтар 18, 14:27
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Қуат Хамитов, сот, Алматы,

Қуат Хамитовтың ісі сотта қаралып жатыр

Қаңтар 18, 2021
Ту, Мақтаарал, су тасқыны, апат

Туды судан алып шыққан полицей «Халық алғысы» медалімен марапатталды

Қаңтар 18, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»