Алматы блокбекетіндегі қайғылы оқиғадан кейін үш шенді қызметінен кетті. Бұл туралы ІІМ өкілдері айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жүргізген қызметтік тексерістің қорытындысы бойынша басшылық қызметтегі 9 қызметкерге қатысты тәртіптік жаза қолданылды.
«Алматы қалалық полиция департаменті патрульдік полк командирі, полиция подполковнигі Сатаев К,Е., Алматы қалалық полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының басшысы, полиция полковнигі Мырзабеков О.С., Алматы қалалық полиция департаменті жеке құрамының инспекциясының басшысы, полиция подполковнигі Ақылбеков А.О. қызметінен босатылды» делінген хабарламада.