Карантин талаптарын қайта күшейтеміз – Біртанов
Карантин талаптарын қайта күшейтеміз – Біртанов
Фото: Интернеттен алынды
156
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов халық қауіпсіздік шараларын сақтамаса, карантин талаптары күшейтілетінін айтты. «Қауіпсіздік шаралары сақталмай, науқастар саны көбейіп, жағдай жақсармаса, әрине, карантин талаптарын күшейтіп, қосымша санкциялар енгіземіз. Мұндай шара қолданғымыз келмейді. Кәсіпорын, қоғамдық көліктерде санитарлық тәртіпті сақтаудан бөлек, жеке гигиена ережелерін сақтау өте маңызды. Бүгінде маска тағып жүрудің инфекциямен күресте тиімді әдіс екені дәлелденді. Науқастар үшін де, сау адамдар үшін де», – деді министр. Соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 9304-ке жетті 37 адам қайтыс болды.