Мұғалім не үйренгісі келеді?
Мұғалім не үйренгісі келеді?
297
оқылды
­Білім және ғылым ми­нистрі онлайн бри­фингте мұғалімдер қашық­тан оқыту жүйесін толық мең­геру үшін курстан өте­тінін мәлімдеді. Бұл курс­тың көме­гімен ұстаз­дар IT са­ла­сын­дағы білімін жетіл­дір­мек. Ал бола­шақ педа­гогтер уни­верситет қабыр­ға­­сында қашықтан оқыту техно­ло­гиясымен таныса­ды. Осы орайда, оқу жы­лын аяқтап, қоры­тынды жа­саған мұғалім­дердің пі­кі­рін білгіміз келді. Ведомство  басшысы ұстаз үшін компьютерді қосып, «Күнделік» толтырып, Zoom-мен сабақ өту жеткіліксіз екенін айтқан еді. Министрдің айтуынша, мұғалім қашықтан оқытудың қалай жүретінін толық түсінуі керек. Сондықтан олар білмегенін үйреніп, білгенін жетілдіруі қажет. Асхат Аймағамбетов әр мұғалімнің қашықтан оқыту форматын меңгеруі міндетті екенін алға тартқан-ды. Соған сай алда ұстаздар қашықтан оқыту бойынша курстан өтеді. Мұндай курс мұғалімдерге нені үйретеді? Министр бірінші кезекте IT компетенциялар мен балаларды оқыту әдістері қамтылатынын атап өтті. Бас мұғалім министрлік осын­дай бағыттағы курстарды да­йын­­дап жатыр. Әрі ол бағдарлама­ның бірнеше нұсқасын қарап шық­қан. «Мұнымен қоса, жоғары оқу орын­дарын даярлау аясында осы жүйе бойынша қашықтан оқыту бойынша міндетті модульді енгізетінімізді ректорларға хабарладық. Болашақ педагогтер университетте бұл тех­но­логияларды меңгеруі тиіс», – деді А.Аймағамбетов Zoom плат­фор­ма­сында өткен брифингте.  

Жауапты міндет жүктелді

Жоғарыда мұғалімдердің қашық­тан оқыту курсы жайлы пікірін ұсынатынымызды жаздық. Сондай-ақ IV тоқсанда қандай қиындықпен бетпе-бет келгенін, нені үйренгісі, қандай ұсынысы бар екенін сұрадық. Атырау облысы Қызылқоға ауда­­нында тұратын мұғалім Айгүл Төреш­қызы IV тоқсан мен қа­­шық­тан оқыту жүйесі туралы тұ­шым­­ды мағлұмат берді. Әрі ұс­таздың өз ұсынысы бар. Ұстаз алды­мен ауылды жердегі интернеттің әлсіз екенін айтты. Балалардың кө­бін­­де смартфон жоғы да қолбайлау бол­­ған. «Оқытушыларға компьютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс іс­теу­ді үйрететін курс керек.  Тыңдаушылар қашықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында оқып, тиімді темпте өз бетін­ше жұмыс істеуге жағдай жасалса екен. Электронды оқулықтар бір баспадан шыққанса жөн болар еді», – деді Айгүл Төреш­қызы.  

Курстан өтпеуіме болатын шығар...

Шымкент қаласы №2 мамандан­ды­рылған үш тілде оқытатын мек­теп-интернат мұғалімі Гүлнәр Жа­рас­­қызы қашықтан оқыту курсының қажет екенін атап өтті. «Төтенше жағдай мұғалімдердің қа­шықтан оқытуға даярлығына сын болды. Алғашқыда ұстаздар қау­ымы оқытудың қай форматына тоқтарын білмеді.Оның үстіне, бүкіл педагогтердің оқыту формат­та­рын игермегені анық болатын. Сон­дықтан алғашқыда біраз абыр­жы­­дық. Ең тиімді, қолданысқа қо­­­­лайлы, қол­жетімді форматты таң­­­­дау­ға кел­генде дағдарып қал­дық. Сол себепті министрдің мұға­лім­дерді қашықтан оқыту курс­­та­рына жіберуді қолға алуы аса қа­жет. Алайда заңды жазғы еңбек де­ма­лысында курстан өтуге жібер­месе игі еді», – дейді Гүлнәр Жарасқызы. Сонымен бірге ұстаз білім плат­фор­­маларымен жұмыс істегенде қиындық туындағанын жасырмады. Daryn.online-ның өте тиімді, қолже­тімд­і екенін естісе де, дұрыс қолдана алмаған. Мектептегі жастар жол нұсқаса әп-сәтте үйреніп кететінін де атап өтті. Мұғалімдердің басым көп­шілігінде осындай проблема барын жеткізді. «Ала жаздай қарап жатпаймын. Аталған оқыту форматын жетік игер­ген жас мұғалімнен үйреніп алуы­ма болады. Ол кезде курсқа ба­руға мін­дет­ті емес шығармын?», – дейді ұстаз Гүлнәр Жарасқызы. Түсінуімізше, мұғалімдер әлі де қашықтан оқыту технологиясының басым бағытын білмейді. Әйт­пе­генде, жас мұғалімнен плат­фор­ма­лар­ға кіруді үйренсе, курсқа қа­тыс­пауына болатынын сұра­май­тын еді. Сон­дық­­тан министрлік курс­тың бағ­дар­ламасымен ұстаз­дар­ды құлақ­тан­дыр­са игі.  

Білім саласындағы цифрлы тех­но­­логия толық  дамымаған немесе...

Алматы облысы Панфилов ауданы А.Розыбакиев атындағы орта мектептің мұғалімі Зәуре Бексұл­тан­қызы IV тоқсанда жиынтық бағалау алу мен тексеру қиынға соққанын айтты. Егер қашықтан оқытудың қыр-сырын үйрететін курс болса, түрлі программамен жұмыс істеуді меңгергісі келеді. Ол министр мә­лім­деген IT компетенциялар ХХІ ғасыр мұғаліміне керек дүние екенін алға тартты. «Алдағы кезеңде онлайн БЖБ мен ТЖБ алып, тексерудің тиімді жолын қарастырсақ. Мәселен, оқу­шыларға жиынтық бағалау тап­сыр­маларын жібердік. Олар өз кезе­гінде тапсырманы түсінбеді, дұрыс орындамады. Сыныпта мұға­лім тәп­тіштеп түсіндіреді, жол нұс­қай­ды. Ал дауысты хабарламамен түсін­дірсең, оқушылар жете түсін­бей­ді. Оқушылар БЖБ мен ТЖБ жауабын жіберген соң, оны тексеру жағы қиын болды. Сондықтан тексеру жағын электронды пошта­ға ұқсас, бірақ жаңартылған нұс­қаға оңтайландырсақ. Білім сала­сын­дағы цифрлы технология әлі де дамымаған. Немесе мектеп мұға­лім­дерінің жаңа технологияны меңгеруге қабілеті төмен. Мұны өз тәжірибеме сүйеніп айтып отырмын. Қашықтан оқыту туралы курсқа қа­­тыс­сам, қолжетімді про­грам­ма­лар­мен жұмыс істеуді үйре­нер едім. Microsoft Word, Excell, Power Point cияқты негізгі програм­ма­лардың деңгейінде қалып қойып­пыз», – дейді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Сондай-ақ ұстаздың айтуынша, IV тоқсанда ата-ананың қадағалауы жақсы болғандықтан, оқушылар үй тапсырмасын уақытылы орындаған. Үлгерімі төмен оқушылар смартфон­мен оқығанға қызығып, сабаққа құл­шыныспен қатысқан. Сондықтан IV тоқ­санның білім сапасы жоғары бол­ған. Иә, жаңаны үйренуге, білімді жетілдіруге ұмтылу керек. Бұл бірінші кезекте ұрпаққа сапалы білім бергісі келетін әр ұстазға міндет. Ал­ғаш рет мектеп оқушы­ларын қа­шықтан оқытқан мем­лекетке таптырмас көмекші құрал. Сол себеп­ті министрлік дайын­дайтын арнайы курстан күтеріміз көп.  

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ