ІТ орталықтың жетістігі көп
ІТ орталықтың жетістігі көп
177
оқылды

Nur Otan партиясының Атырау облыстық филиа­лында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылған Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіндегі ІТ орталықтың түлектеріне үздік жобалары үшін арнайы сертификат тапсырылды.

Университет Nur Otan партия­сы­ның Атырау облыстық филиа­лы­мен бірлесіп «Цифрлы Қазақ­стан» аясында ІТ орталық құрыл­ған. Аты­рау облысы үшін ІТ ма­мандар даяр­лайтын орталықта Құрманғазы, Жы­лыой, Индер, Қызылқоға, Ма­қат және Махамбет ауданда­рының мек­теп мұғалімдері білімін шыңдады.

Бұған дейін ІТ орталықта 157 адам даярлықтан өткен.

– ІТ орталығы түлектерінің дені – мұғалімдер мен оқушылар. Олар графикалық және анимация­лық бағ­дарламалармен жұмыс істеу дағ­дысын үйренді. Сандық сауат­ты­лық (MS Word, MS Excel, MS PowerPoint, интернет ресурстарымен жұмыс жа­сақтау), Графика және дизайн (Auto Cad, Adobe Photoshop), Web-сайттарды бағдарламалау (HTML, PHP, CSS, CMS), Дизайн және ком­пьютерлік графика (CorelDraw, Adobe Photoshop, AutoCAD, Macromedia Flash, 3d Max), бағдарла­ма­лау­дың қазіргі заманғы технология­лары (С/С++, Python, Java) ба­ғыттары бойынша оқып, білімдерін кеңейтті. Бүгінгі нәтижелеріміз жақ­сы көрсеткішке жетіп отыр, – деді Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің IT орталығының жетекшісі Жанна Ғаббасова.

Оның шәкірттері Сергей Кротиков пен Тен Евгений көру қабілеті нашар адамдарға арналған Color Vision түстерді анықтау үшін құрылғы әзірлеген. Оқушылар биыл партияның әлеуметтік жобалар байқауына қатысып, бірінші жүлделі орынға ие болды.

Оқушылар ІТ сыныпта оқып қана қоймай, жоба жасақтап, оны қолданысқа енгізуге мүмкіндік алады. «Цифрлы Қазақстан» – талантты жастардың тың идеясын жүзеге асыруға жол ашып отыр.

 

Атырау облысы