Есірткі сақтаған ер адам ұсталды
Есірткі сақтаған ер адам ұсталды
Қостанай облысында аса ірі көлемде есірткі зат­тарын сақтаған ер адам ұсталды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлаған екен. Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шаралары нә­тижесінде Қостанай қала­сын­да­ғы гараж кооператив­терінің бі­рі­нен күдікті азамат ұсталды. «Қыз­меткерлер оның «Лада-Ка­ли­на» автокөлігінен алты келі кеп­ті­ріл­ген марихуана тапты. Ұсталған азаматтың гаражынан қызметтік-іздестіру итінің кө­мегімен тінту кезінде марихуана бар тағы екі түйіншек тәркіленді. Гараж кіре­берісіндегі тумбадан бір жарым килограмм есірткі, сон­дай-ақ тақ­тайшалар астын­дағы шұң­қырдан қапшыққа са­лынған 25 келіден астам марихуана та­был­ды», – дейді полиция қызметі. Тәркіленген есірткі затының жалпы салмағы – 32 келі 826 грамм, бұл аса ірі салмаққа жа­тады. Күдіктінің мүлкі тәркі­ле­ніп, он жылдан он бес жылға де­йінгі мерзімге бас бостанды­ғы­нан айырылуы мүмкін. Ол оқи­ға орнында қамауға алынды.  

Гүл БЕКЗАТ