Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлердің жалақысын көтеруді тапсырды. "Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемнің денсаулық сақтау жүйесі үшін үлкен сынақ болды. Бұл індет біздің елімізде кәсіби дәрігерлердің жетіспейтіндігін анықтады. Бұл - жалақының төмендігі, осы кәсіптің беделінің төмендігі және дәрігерлер құқықтарының сақталмауы", - деді Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде. Президент биылғы жылы дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңімен өсіруді қолға алуды тапсырды.
"Олардың жалақысы біздің экономикамыздағы орташа жалақыдан 2,5 есе жоғары болуы керек. Біз бұл көрсеткіштерді 2023 жылға дейін игеріп аяқтауымыз керек", - деді Тоқаев.