Италиялық опера әншісі Андреа Бочелли қалай коронавирус жұқтырғанын айтып берді. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бочеллидің айтуынша, вирустың белгілері мүлде байқалмаған, тек дене қызуы жоғарылаған. Сондай-ақ, ол әйелі мен екі баласының да вирус жұқтырғанын айтты.
"Коронавирустан зардап шеккендерге құрмет ретінде мен бұл туралы айтпақ-ақ қоюды шештім. Жанкүйерлерімді алаңдатқым келген жоқ, сонымен қатар, отбасымның жеке өмірін сақтауды жөн көрдім", - дейді ол.Әншінің айтуынша, отбасы мүшелері коронавирустан наурызда айыққан.