Қазақстанда пандемияға байланысты қалыптасқан экономикалық ахуалдан қанша мұнайшы жұмыссыз қалады? Бұл мәселе министрліктің қатаң бақылауында. - Ақпаратымыз бойынша қазіргі таңда 3,5 мың адам мұнай сервис компанияларынан (жұмыстан) босап отыр. Әрине мекеме басшылары алдағы уақытта жұмыс болмауы салдарынан біздің жұмысшылар бос қалуы мүмкін деген уәж келтіріп отыр. Дегенмен, бірлесіп қарап, өзіндік құнын төмендету арқылы оңтайландырып, мұнай компанияларымен бірлесіп шешім қабылдау керектігін тағы бір рет естеріне саламын., - деді «Хабар 24» арнасындағы брифингте Қазақстанның энергетика министрі Нұрлан Ноғаев.