Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Ербұлан Сейдазымның жағдайы туралы мәлімдеді. Дәрігерлердің сөзінше, оның жағдай әлі де ауыр. Үш күннен бері 26 жастағы полиция қызметкері әлі есін жия алмаған. Апаттан соң дәрігерлер оған біріккен жарақат, бас сүйегінің жабық жарақаты, мидағы ауыр контузия, жақ сүйегінің эпидуральды қан кетуі диагнозын қойды. Сонымен қатар, сол жақтағы бет қаңқасының сынуы, бас, бет, төменгі арқа, аяқ-қолдардың жұмсақ тіндерінің жарақаты анықталған еді. Офицерге резекциялық бас сүйегінің трепанациясы және жедел бас сүйегінің гематомасын алып тастау бойынша екі ота жасалған.
«Науқастың жағдайы тұрақты ауыр. Жансақтау бөлімінде. Неирохиругия және басқа да мамандармен бүгін тағы консилилум өткізілді. Ауыр ми жарақатына сай ем қабылдануда», - деді №7 қалалық клиникалық ауруханаың нейрохирургі Ерлан Түбелбаев.Нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Александр Романчиктің сөзінше, науқастың клиникалық және неврологиялық жағдайы бірқалыпты ауыр, өзгеріс байқалмайды. №4 блокпостта кезекшілік жасаған жедел уәкілі қазір жасанды өкпе желдеткішіне қосылған. Естеріңізде салсақ, 25 мамырда таңғы уақытта Көксай елдімекеніндегі блокпостты күзеткен сақшыларды BMW автокөлігі соққан болатын. Апатқа кінәлі жүргізушінің өзі де бұрын полицияда жұмыс істеген. Оқиға салдарынан 2 полицей қаза тапса, үшіншісі ауыр халде ауруханаға жеткізілген.