Батыс Қазақстанда жоғалып кеткен ер адам іздестіріліп жатыр
Батыс Қазақстанда жоғалып кеткен ер адам іздестіріліп жатыр
138
оқылды
Батыс Қазақстанда жоғалып кеткен ер адам іздестіріліп жатыр. Теректі ауданы Подстепный ауылында тұратын 1956 жылғы Серік Нығметов кеше үйінен шығып кеткеннен оралмаған. Зайыбы Гүлнәр Байғұттиеваның айтуынша, үстіне қызыл қоңыр кофта, қара шалбар, ақ баскиім киген. Подстепныйдағы колледжде жұмыс істеген С.Нығметов ара-тұра есін жоғалтып алады. Бұдан екі-үш жыл бұрын осындай оқиға болып, 12 сағаттан кейін табылған еді. С.Нығметовті көрген-білген адамдардың 8-777-861-22-81, 8-705-4470439, 8-708-533-81-99 телефондарына хабарласуы сұралады. БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, ер адамның жоғалғаны жөнінде бүгін таңертең арыз түскен. Қазіргі кезде полиция қызметкерлері де іздестіріп жатыр.  width=