Оралда «Пивовар» кафесі өртеніп кетті
Оралда «Пивовар» кафесі өртеніп кетті
© Сурет ғаламтордан
5,201
оқылды
Оралда «Пивовар» кафесі өртеніп кетті. БҚО ТЖ департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашевтің мәлім еткеніндей, М.Шолоховтің көшесі 35-мекенжайында жазғы кафенің жанып жатқаны жөнінде хабар түскен. Алдын ала мәлімет бойынша өрт аумағы 250-300 метрді құрады. Кафенің жанында қос бірдей жанар-жағар май құю стансасы болғандықтан, гарнизонды жұмылдыру жөнінде шешім қабылданды. Өрт сөндірушілердің батыл да жедел іс-әрекеті нәтижесінде оқиға орнынан 4 газ, 2 оттегі баллоны және ақша айырбастау пунктінен құнды заттар шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. «Тілсіз жауды» ауыздықтауға 83 қызметкер, 22 техника қатысты. Өрт сағат 18.50-де оқшауланып, 19.37-де сөндірілді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, аумағы, келтірілген шығын анықталу үстінде.