Атырауда жерлесін өлтірген өзбекстандық 10 жылға сотталды
Атырауда жерлесін өлтірген өзбекстандық 10 жылға сотталды
© Сурет ғаламтордан
150
оқылды
Атырауда жерлесін өлтірген өзбекстандық 10 жылға сотталды7 Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен айыпталған Өзбекстан азаматына қатысты қылмыстық іс қаралды. Басты сот талқылауында анықталғандай, оқиға 2019 жылғы 12 тамызда Атырау қаласына қарасты Жаңаталап ықшам ауданында болған. Өзбекстан Республикасының азаматтары сотталған С., жәбірленуші Х. тұрғын үйде құрылыс жұмысын жүргізген. Сол күні кешкі С. асхана пышағын шалбарының қалтасына салып, аулаға шыққан. Өзіне жұмыс тауып берген жерлесіне бұдан былай істемейтінін, кететінін айтып, жұмысы үшін төленуге тиісті соңғы 10 мың теңгесін беруді сұрайды. Жерлесі оған бастаған жұмысты аяқтау керектігін ескертіп, ақшасын бермейтінін айтқан. «Осы кезде екеуінің арасында жанжал шығып, С. қалтасынан пышақ шығарып Х.-ның кеудесіне сұққан және сол қолын қатты жарақаттаған», - делінген хабарламада. Жәбірленуші ауыр жарақаттан есін жимастан қайтыс болған. Сот үкімімен С. адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.