Boeing 2500 қызметкерін ақысыз демалысқа жібереді

Boeing 2500 қызметкерін ақысыз демалысқа жібереді

Boeing компаниясы 2 жарым мың қызметкерін ақысыз еңбек демалысына жіберетін болды, – деп жазады 24.kz. Ұшақ құрастырушы компанияның осы шешімі туралы кәсіподақ өкілдеріне сілтеме жасап, Wall Street Journal басылымы жазды. Кей мәліметтерге сәйкес, қысқарту бірінші кезекте Сиэтлдегі бөлімшенің жұмысшыларына қатысты болмақ. Бұған қоса, бас кеңседе қызмет ететіндер де жұмысынан айырылатын көрінеді. Жалпы, жыл соңына дейін Boeing қызметкерлер штатын 10 процентке азайтуды жоспарлап отыр.