Ақтөбе қаласының тұрғыны «бала асырап алуға көмектесемін» деген сылтаумен ерлі-зайыптыдан 780 мың теңгені алдап алған келіншектің әрекеті әшкере болды, – деп хабарлайды БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі. Алаяқ ерлі-зайыптылардың сеніміне кіріп, жақын арада оның құрбысы босатынын, бірақ баласынан бас тартатынын айтқан. Сол баланы асырап алуға көмектесу үшін олардан әйел ақшалай сыйақы сұраған. Тіпті, ол баланы асырап алуда құжатты тіркеу жағына да көмектесуге уәде берген. Алданғанын білген отбасы полицияға арызданды. Қазіргі уақытта алаяқ өз қылмысын мойындады және кепілхатпен босатылды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.