Қазақстандық цирк әртісі Қытайда комада жатыр
Қазақстандық цирк әртісі Қытайда комада жатыр
Фото: Интернеттен алынды
193
оқылды
Ер адам бірнеше жылдан бері қытайлық циркте жұмыс істеген. Оның сақтандыруы емделуге жұмсалатын шығынды өтеуге жетпейді, – деп жазады «Спутник Қазақстан». Қостанай қаласының тумасы 17 мамырда Қытайдың Гуанчжоу қаласында комаға түсті. «Костанайские новостидің» жазуынша, алдын ала болжам бойынша сепсис диагнозы болуы мүмкін. Дерттің нақты себебі сараптама қорытындысы бойынша белгілі болады. Оның денсаулығының күрт нашарлауына денесіндегі сынықтар себеп болуы да мүмкін. Қазақстандық циркте ат үстінде қиын жаттығулар жасаған. Басылым әртіс карьерасын Рудный қаласындағы «Юность» цирк студиясында бастағанын жазады. Алматыдағы цирк училищесін тәмамдаған. Кейін Қытайда жұмыс істеуге ұсыныс түсті. Ата-анасы Рудныйда тұрады, ер адам Қытайда әйелі және баласымен болған. Қазақстан елшілігі ер адамды елге жеткізуге көмектесетінін жеткізді. 3 маусымда Қытай Қазақстанға медициналық көмек тиелген ұшақ жібереді. Алайда ер адам комадан шықпаса, тасымалдау мүмкін емес екен. Қытай емханадағы реанимациялық палатада бір күн жату құны - 1 500 доллар. Қытайлық циркпен келісімшарт бар. Алайда сақтандыру емделуге жұмсалатын шығынды өтеуге жетпейді. Ем алған 10 күн үшін ер адамның туыстары 25 мың доллар төлеген. Бұл ақшаны жинауға цирк директоры, әріптестері мен туыстары көмектескен. Ер адамның ата-анасы пәтерін сатты. Дегенмен бұл қаражат та жетпеген. Туыстары қазақстандықтардан көмек сұрап отыр.