Теміртауда жолаушылары бар автобус жардан құлады
Теміртауда жолаушылары бар автобус жардан құлады
Фото: Видеодан алынған скриншот
110
оқылды
Теміртауда жолаушылар отырған автобус жарға құлап, алдын ала мәлімет бойынша оқиға салдарынан бес адам зардап шекті. Жол апаты 27 мамырда «Арселор Миттал Теміртау» цехының маңында болған. Болжам бойынша 33 жастағы жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, жолдан ұшып кетіп, жарға құлап кеткен. Автобуста 19 адам болған, олардың бесеуі түрлі жарақат алған. Жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі: «Жол апатынан бес адам зардап шекті, төртеуі ауруханаға жеткізілді. Тағы бір адам кейін медициналық көмекке жүгінді. Тағы үш адамның миы зақымданған. Олар медициналық тексерістен өтіп, амбулаторлық ем алу үшін үйлеріне жіберілді», – деп ресми мәлімет таратты. Полицейлер тексеріп жатыр.   https://www.instagram.com/p/CAspw6JHqiI/?utm_source=ig_web_copy_link