Екі мыңыншы жылдардың басында АҚШ азаматтары асырап алған Әсия Бергер есімді қазақ қызы жақындары мен ата-анасын іздестіріп жатыр. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, Талғат Алмановпен болған сұхбатта айтты.
Әсия қазақ болғанымен өз ана тілін білмейді. Сондықтан сұхбат ағылшын тілінде өтті. 20 жастағы қыз Флорида штатында тұрады.
– Менің фамилиям – Бергер. Әкемнің аталары – немістер. Бірақ ол өзі Нью-Йорктікі. Анам Миссури штатынан. Екеуі де европоидтер. Сондықтан да біздің түр әлпетімізде айырмашылық көп болғандықтан, ата-анам маған кішкентайымнан асырап алғандары туралы түсіндіріп өсірді. Мұны ешқашан жасырмады. Біздің үйде қорапша бар еді. Онда Қазақстанға қатысты зат көп болатын. Ал кітап сөресінде қазақ елі туралы бірнеше кітабымыз бар. Олар қолынан келгенше қазақ ұлты жайында, мәдениеті туралы мағлұматтар беріп отырды. Мен үшін мұның маңызды екенін олар жақсы түсінетін.
[caption id="attachment_47094" align="alignnone" width="1200"]
Әсия әке-шешесін табуды армандайды. Қазақстанға баруды да көздеп отыр. Оған әлеуметтік желідегі жанашыр жандар қолдау білдіреді деген үмітте.– Өзім оңашада туған анам туралы жиі ойлаймын. Өткен жолғы туған күнімде анамды ойлап көңілім түсіп кетті. Мен оның не үшін осындай қадамға барғанын түсінгім келеді. Ол қызының туған күнін білмесе де, өзінің босанған күнін білуі керек деп ойлаймын. Егер мен ана болсам қызымның туған күнінде жанынан табылуды қалар едім. Осындай сәтте құлазимын. Білуімше мен олардың екінші баласымын. Бауыр еті балаңды бөтенге беру өте ауыр сезім. Егер біз бір-бірімізді көретін болсақ, одан сондай қиын сәтті бастан өткергені үшін кешірім сұраймын әрі рақметімді айтамын. Өйткені сол сәттің арқасында мен жаңа отбасын таптым. Қазір мен керемет өмір сүріп жатырмын. Сұхбат соңында Талғат Алманов барша көрерменнен Әсияға көмектесуді сұрап, репост жасауға шақырды. https://www.facebook.com/talgat.almanov/videos/3466104593417030/