Соңғы 5 жылда шетелге қаржы шығаруды тексеру бойынша 238 қылмыстық іс қозғалды, алайда қылмыстық істердің нәтижесінде ешқандай қаржы қайтарылмады, - деп мәлімдеді сенатор Ольга Перепечина.
"Біздің қолымызда шетелге шығарылған капиталдың нақты қанша екені туралы мәлімет жоқ, өйткені бізде мониторинг пен бағалаудың бірыңғай жүйесі жоқ. (...) Tax Justice Network халықаравлық ұйымының мәліметінше, соңғы 20 жылда Қазақстаннан офшорлық аумаққа жыластатылған қаржы көлемі шамамен 140 миллиард долларды құрады", - деді Nur Otan депутаты.Оның айтуынша, 2015-2019 жылдары Қаржы министрлігінде ұлттық және шетел валютасымен елге жыластатылған қаржыны қайтару талаптарын орындамау деректері бойынша 238 қылмыстық іс тіркелген. Сауықтыру негіздері бойынша да 238 іс тоқтатылды, сотқа 3 қылмыстық іс жолданды. "Тоқтатылған 238 істің шамамен 70 проценті немесе 170 іс құқық бұзушылық құрамы жоқ болғандықтан тоқтатылған, яғни шекарадан капитал өткізу дерегі бар, алайда бұл дерек ұлттық заңнамада құқық бұзушылық болып есептелмейді", - деді Перепечина.