Талғар өзенінде балық қырылып, су қарайып кетті
Талғар өзенінде балық қырылып, су қарайып кетті
"Қазгидромет" РМК
149
оқылды

БАҚ-та және Facebook әлеуметтік желісінде Алматы облысы Базаркелді кентінің Талғар өзенінде балықтардың қырылуы мен судың қараюы туралы бейне-ақпарат тарады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша 27 мамырда "Қазгидромет" РМК Алматы қаласы бойынша филиалы зертханасының мамандары 3 нүктеде жоспардан тыс су сынамасын алды: 1 нүкте: "Adal Cyt" ЖШС фермасынан 0,5 км жоғары; 2 нүкте: "Adal Cyt" ЖШС фермасына қарсы; 3 нүкте: "Adal Cyt" ЖШС фермасынан 0,5 км төмен. Жер беті суының сапасын талдау 44 физика-химиялық көрсеткіш бойынша жүргізіледі, оның ішінде бас иондар, биогенді, органикалық және органикалық емес заттар, ауыр металдар бар. Бірінші күнді талдау нәтижелері бойынша су температурасы 25,1-26,4 ºC шегінде белгіленді,  сутегі көрсеткіші 8,1-8,2, суда ерітілген оттегінің концентрациясы нормада және 7,4-7,7 мг/дм3 диапазонында, түсі – 6-7 градус, мөлдірлігі – 20 см, иісі – 1 балл, табиғи суға тән емес иіс (қи иісі) сезіледі. 29 мамырда қалған көрсеткіштер бойынша талдау нәтижелері туралы қосымша ақпарат жарияланатын болады. 5 тәулік орындалатын "оттегіні биохимиялық тұтынуға (5)" талдау нәтижелері 1 маусымда ұсынылады.