Білгеннің болмас артығы
Білгеннің болмас артығы
257
оқылды

Пәлекет деген аяқ астынан болады. Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімшенің қоймасында қатты жарылыс болды. «Түркістан облысы Арыс елдімекені маңында орналасқан Қазақстан қарулы күштері бөлімдерінің бірінде өрт шығып, соның салдарынан әскери оқ-дәрі жарылған. Келіп түскен ақпарат бойынша, зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталып жатыр», – деп хабарлады Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Бастапқыда оқиға орнынан нақ­ты ақпарат алу қиынға түскен-ді. Қырық мың тұрғыны бар Арыс қа­ласындағы жағдай әлеуметтік же­лі арқылы тез таралды. WhatsApp-та жарылыс орнынан қаптаған бейне­жазба, дүрлікпе хабарламалар желдей есті. Арыс қаласындағы әскери қойма осыдан он жыл бұрын да жарылған. 2009 жылы жарылыс салдарынан 2 адам қайтыс болып, 16 адам түрлі зардап шеккен.

Қатерлі жағдайдың бәрінде ал­дымен қауесет тарайды. Жер­гілікті әкімшілік, Қорғаныс министрлігі, ІІМ өкілдерінің ресми ақпараты жеткенше «тоған жарылады», «су басады», «тұрғындар қаладан қа­шып жатыр» деген ақпарат тарап кетті.

Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсен Тәжібаев мырза Арыстағы төтенше жағдайға орай, Ордабасы ауданын­да медициналық штаб құрылғанын жедел хабарлады. «Түркістан об­лысы денсаулық сақтау басқарма­сының басқаруымен шұғыл жұ­мыстар жүргізіліп жатыр. Ордабасы аудандық орталық ауруханасынан және Облыстық клиникалық ау­руханасында 200-ден астам нау­қасқа арналған орын дайындалды. 30 жедел жәрдем көлігі Шымкент қаласына кірер 3 жолға қойылды. Тағы да қажет болған жағдайда бірнеше аудандардан алдырылған қосымша жедел жәрдем көліктері дайын. Облыстық клиникалық ауруханадан травматолог, хирург, реаниматолог дәрігерлерден құ­рылған топ медициналық штабқа жиналды. Эвакуация жұмыс­тары жүргізіліп жатыр. Арыс қалалық орталық ауруханасы мен емха­насынан науқастар эвакуация жасалды», – деген ақпаратты оқы­ғаннан кейін ғана талай адам саба­сына түсті.

Мәселе бір ғана Арыстағы жарылысқа тіреліп тұрған жоқ. Осыдан он жыл бұрын да тұрғындар аяқ астынан апырақ-тапырақ күй кешкен. Әдетте Қазақстан Ішкі іс­тер министрлігінің Төтенше жағ­дайлар комитеті оқу-жаттығу өт­кізген болады. Нәтижесі шамалы. Қай кезде де бір көрініс қайталана береді. Асып-сасу, үрейлену, қауе­сетке еру, шарасыздық деген сияқ­ты. Осындай салғырттық салда­рынан көшеде ойнап жүрген талай бала айдаладан бір-ақ шықты...

Мұндайды болдырмас үшін, ең алдымен, қауіпсіздік шараларын күшейту керек. Қазақстан бойынша барлық елдімекен тұрғындарын төтенше жағдай кезінде қалай әре­кет етуді үйреткен дұрыс. Мәселен, Израиль және Жапония мемлекет­тері қауіпсіздік шарала­рына қатты мән береді. Бұл елдерде кішкентай балаларға дейін төтенше жағдайда не істеу қажетін біледі.

«Сақтансаң – сақтаймын» деген бекер айтылған ба? Сақ болайық!