Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Бармағын тістеді

«Айқын» ақпарат
Мамыр 29, 2020
Жаңалықтар, Қазақстан
Бармағын тістеді
29
қаралым

Жарылқаушы жаныңнан табылса, жаның кіріп қалады емес пе? Жарылқаушыңыз алдап кетсе, жаныңыз қайтадан шығып кетеді емес пе? Бүгінде сеніміңізді сына­лап, сығалап, кіріп алып, көңі­лі­ңізде, кеудеңізде әбден шіріп алып, жүрегіңізді жылытып, санаңызды улап, миыңызды мәнті етіп жібе­ретін алаяқтардан көз ашпайсыз. Солардың бірі – Ақтөбеедегі қа­лалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің экс меңгерушісі Жанар­гүл Дүйсекенова.

– Шынымен пәтер алып бе­ресіз ғой? – деп сұрады жәбір­ле­нуші Исанова.

– Жарылқаймын дедім ғой!

Баспана бағасы шарықтап барады

Қазақстанда тұрғын үй бағасы неге қымбаттап жатыр?

Ақтөбе облысында тұрғын үйден екі адамның мәйіті табылды

– Қанша беремін?

– Бір миллион, екі жүз мың теңге.

– Көп емес пе?

– Оой, анаған беруім керек, мынаған беруім керек, оған беруім керек, соған беруім керек. Өзіме тас та қалмайды.

– Тас қалмаса тапырақтап, не­ғып жүрсіз?

– Халықты жарылқауым ке­рек. Пәтердің кезегінде тұрғаны­ңызға қанша жыл болды?

– Он сегізінші ғасырдан бері.

– Әзілдемеңіз.

– Енді… Болды ғой біраз.

– Міне, көрдіңіз бе? Менің арқамда пәтерлі болып аласыз. Ал, ақшаңызды қимасаңыз, да­лада қаласыз!

Исанова шынымен сенді. Өйткені, алаяқ оның сеніміне мықтап кірді. Сөйтті де, оның бір миллион екі жүз мың теңгесін шытырлатып тұрып санап алды. Анаған береді екен, мынаған бе­реді екен, оған, соған береді екен, өзіне «Тас та» қалмайды екен. Не деген, мейірімді жарылқаушы еді!

– Шынымен жарылқайсыз
ба? – деп сұрады тағы бір жә­бірленушісі Қошанова.

– Өтірік жарылқап не көрінді маған?

– Үйлі боламын ғой?

– Боласыз!

– Өз пәтерімде қонамын ғой?

– Қонасыз!

– Өз үйім, өлең төсегім ғой?

– Өз пәтеріңіз!

– Қанша беруім керек?

– Екі миллион, жүз мың теңге.

– Көп емес пе екен?

– Ойбуу, соның бәрін өзім алады дейсің бе? Анаған беруім керек, мынаған беруім керек, оған беруім керек, соған беруім керек. Өзіме құмалақ та қалмайды.

– Онда неге шапқылап жүрсіз?

– Енді, тиын-тебен қалады. Жаласам да жетеді маған.

– Алдап кетпесіз ғой?

– Алдаркөсенің қарындасы емеспін!

– Тошына?

– Бәрі болады, мошына!

– Не деген ғажап адам едіңіз! – деген Қошанова да екі миллионнан аса ақшасын санап берді. Бірақ, жарылқаушысы сол кеткеннен мол кетті. Телефон нөмірлерін ауыс­тырап тастады. Сөйтіп жүріп, осы тірлігін тағы бастады. Бес- алты жылдың ішінде 35 адамның сеніміне кіріп, жүз миллионнан аса ақша істеп алды. Бірақ, күндердің күнінде бас бармағын тістеп алды. Қулығына құрық түсіп, құдыққа құлады. «Жарылқап жүрмін ғой, әшейін!» деп еңіреп те жылады. Ой, тоба, осындай алаяқтарға адамдар қалай ғана сене береді екен?

 

Жұмаштың ЖҮГЕРМЕГІ

 

 

 
Тегтер: алаяқтұрғын үй
Алдыңғы жаңалық

«Мынауский» массаж!

Келесі жаңалық

Шегірткелер шеруі

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесті
Жаңалықтар

Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесті

Наурыз 3, 2021
әйел
Жаңалықтар

Халықаралық әйелдер күніне орай 28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі

Наурыз 3, 2021
заң
Жаңалықтар

Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстанның Мароккодағы елшісі болып тағайындалды

Наурыз 3, 2021
заң
Жаңалықтар

Қазақстанның дипломатиялық қызметі туралы заңға өзгерістер енгізілді

Наурыз 3, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесті

Наурыз 3, 19:39

Халықаралық әйелдер күніне орай 28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі

Наурыз 3, 19:16

Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстанның Мароккодағы елшісі болып тағайындалды

Наурыз 3, 18:50

Қазақстанның дипломатиялық қызметі туралы заңға өзгерістер енгізілді

Наурыз 3, 18:41

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Наурыз 3, 18:19

Әлемнің барлық көбелектері Зерендіге жиналды

Наурыз 3, 17:55

Қазақстанда әйелдердің 97%-ы өміріне қанағаттанады

Наурыз 3, 17:50
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесті

Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесті

Наурыз 3, 2021
әйел

Халықаралық әйелдер күніне орай 28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі

Наурыз 3, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»