Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Жаңалықтар

Шегірткелер шеруі

«Айқын» ақпарат
Мамыр 29, 2020
Жаңалықтар, Қазақстан
Шегірткелер шеруі

Шегіртке шырылдап келе жа­тып, өзі көптен бері ғашық болып жүрген жас шегірткенің жанына ұшып келді. Қанатын қағып-қағып жіберіп, көз қиы­ғымен ұрлана қарады. Шегірт­кегүл әдемі болып өсіп келеді екен. Көздері танадай, қылығы жас баладай, сирақтарын айсаң­шы, ұзыын, ақ-қызыл қанатты, яғни көйлегінің өзі көз тартады.

– Қалайсың? – деп сұрады «жігіт» шегіртке.

– Шырылдап ән айтып жүр­мін.

Жұлдыздар елді алдауға көшті ме, әлде тағы да алдана ма?

Ернар Айдар: Мен ешқайда қашып жүрген жоқпын

Нұрсиланың шегірткелері

– Жарайсың!

– Өзіңіз ше? – деп сұрады «қыз» шегіртке қылымсып.

–Шырылдап ән айтып жүрмін.

–Біздің шегірткелер елі ке­ремет қой! Ала жаздай шырылдап ән саламыз, көкорайда «гө­ләйт­тап», ән саламыз. Тек, қыста қиын болмаса…

– Ағай, естідіңіз бе?

– Нені жаным?

– Адамдардың арасында да, кейбірі біз сияқты шырылдап ән салғансиды екен.

– Ия, есіттім. Бір жігіт дұрыс айтты, оларды «шырылдаған шегіртке» деді.

– Неге бізді кемсітеді ағай? Біз не жаман әншілерміз бе?

– Бұлбұлдарға қарағанда, нашар әншіміз ғой, мойын­дауымыз керек.

– Мен ол кісінің әншілердің кейбірін бізге теңегендерін құптамаймын!

– Дұрыс қой, бірақ адамдар жақтан естіген жаңалығым, ән­шілер концертке адам жинай алмаған соң, жаппай лоторея ойынын өткізіп жатыр дейді!

–Ия, ия, естідім! Бір әнші бала ұсталып қалыпты дейді ғой?

– Қарындасым, олардың бә­рінің айтатындары: «Алданып қалдым!» дейді. Алданып қалған болып, халықты алдап жүрген­дерін жасырып қалады.

Екеуі үнсіз қалды. Іштерінен Адамдарға, олардың ішіндегі кейбір әншілерге ызаланып тұрды.

– Неге жалған жұлдыздарды құрбақаға теңемейді? Құрбақа да түнімен құрылдап, ән салып жатады ғой? – деді «бойжеткен» шегіртке.

– Қайдан білейін? Бәрінің бұлбұл құс болғысы келеді.

– Лотореядан көөп пайда табады дейді ғой?

– Бірақ, сол лотореялары заңсыз болып, ұсталып жатыр емес пе?

– Тағы да фонограммамен ән салып, көкіректерін керетіндерін де естіп қалып жатамыз.

– Біз сияқты болмайды ма, ия? Қай шегірткенің фонограм­мамен ән салғанын көрдің?

– Біздің шегірткелер халқы­ның бәрі әнші ғой! Мөңірейтін, немесе үретін шегіртке көрдің бе?

– Біз көңілді халықпыз, бірақ өзге шегірткелерді алдап, лоторея ойнатқан емеспіз ғой? – деді шегірткенің «айғыры» ұзын сирақтарын бір-біріне үйкелеп тұрып.

– Ағай?

– Әу?

– Біз де шегірткелер арасында лоторея ойнатсақ қайтеді?

– Ойбай, керегі жоқ, адамдар естісе, улы химикат сеуіп, бәрі­мізді қырады! Бізден көшірді деп… Одан да, екеуміз үйленейік.

– Қойыңызшы ағай…

– Сіздің даусыңыз ұнайды…

– Туу, бір түрлі болып кеттім ғой… – деген «ару» шегіртке жігіт шегірткенің тұмсығынан бір сүйді де, пырылдап ұша жөнелді. Мәз болған анау да соңынан ілесе ұшып келеді. Қатарласа беріп, қанатымен қағып-қағып, шырылдай түскен. Төмен қараса, жер бетінде қаптаған шегірт­келер. «Әншілер халықты алда­масын!», «Лоторея өткізіп, бізді жарылқамай-ақ қойсын!», «Бұдан былай, шегірткелер де жалқау болмай, еңбек етсін!» деген лозунгілерді, плакаттарға жазылған ұрандарды екеулеп тістеп алғандардың қарасы көп. Қайдан естіп қойған а? Ойебай, дүние жүзінің шегірткелері, бірігіңдер!

Шегіртке демекші, кәсіпкер Нұрсила Ахметбек біраз жұл­дыздарымызды шегірткелерге теңеді. Бұл – өзінің пікірі. Ал, белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев оны құптады. Бұл да өзінің пікірі. Ал менің пікірім: соңғы кезде әншілердің жаппай лотерея ойнатып, немесе акция өткізгіш, конкурс жариялағыш болып кеткені жасырын емес қой? Күні кеше карантин кезінде ұсталып қалған жас әнші Ернар Айдар да «алданып қалыпты.» Тіпті, лотореяға тіккен автокө­ліктері жалға алынған болып шықты. Сонда, кім кімді алдап жүр? Неге бәрі «алданып» қала береді де, лотерея ойынының аяғы сұйылып кете береді? Бір тиын пайдасы жоқ болса, неге араласады мұндай тірлікке? Жоқ әлде, өмірдің өзі лотерея ма?

 

Жебе САДАҚҰЛЫ

 

 

 
ID: 0
Тегтер: ShegirtkeЕрнар Айдарлоторея ойыны
Алдыңғы жаңалық

Бармағын тістеді

Келесі жаңалық

Ыррр… Ырррр!

Ұқсас жаңалықтар

жетім
Қазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жыл

Жетім саны азайған жылдар

Сәуір 23, 2021
ауыл
Әлеумет

Ауылға бөлінген 800 млрд қайда жұмсалады?

Сәуір 23, 2021
бай мен кедей
Әлеумет

Бай мен кедейдің арасы алшақтап барады

Сәуір 23, 2021
бетперде, баға, қымбатшылық
Жаңалықтар

2 мамырдан бастап бетперде қымбаттауы мүмкін

Сәуір 23, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетім саны азайған жылдар

Сәуір 23, 09:00

Ауылға бөлінген 800 млрд қайда жұмсалады?

Сәуір 23, 08:30

Бай мен кедейдің арасы алшақтап барады

Сәуір 23, 08:00

2 мамырдан бастап бетперде қымбаттауы мүмкін

Сәуір 23, 07:56

Алматыдағы тоғайда сүйіктісін өлтірген тұрғын 10 жылға сотталды

Сәуір 23, 07:34

Абхаздың «темір тұлпарына» неге қызықтық?

Сәуір 23, 07:03

Бітімгерлік миссиялары: бейбітшілік – басты құндылық

Сәуір 23, 07:00
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

жетім

Жетім саны азайған жылдар

Сәуір 23, 2021
ауыл

Ауылға бөлінген 800 млрд қайда жұмсалады?

Сәуір 23, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»