Әйдә, қатке, билейік!
Әйдә, қатке, билейік!
187
оқылды
(Әсет Бейсеуовтің «Армандастар» әнінің әуенімен)   Біз ауылдың әлем-жәлем жастары едік, Өмір жолын өршеленіп бастап едік, Мектепті де тез бітіріп тастап едік, Алматыға асығып…    Қ а й ы р м а с ы:  Лекцияға бір күн барар, бір күн бармас,  Староста деген қудың тілін алмас,  Театрға безер,  Паркті де кезер  Студентің болып шықтық, Алматы!   Дипломды алған, «жуған» дәурен болды,  Қызметке құлшынысқан әурең болды,  «Сүйдім!» деген, «Күйдім!» деген сәулең болды,  Не болмады, ә, шіркін?!    Қ а й ы р м а с ы:  Жолдамамен ауылдарға тартып кеттік,  Үйлендік те, ұйқылы-ояу тірлік еттік.  Пәтерсіз де жүрдік,  Бәтерсіз де жүрдік,  Бойдақ кезді, боздап қойып, еске алып.    Сан кезеңде сағымданып өйтіп-бүйтіп,  Талай-талай мақсаттарға жеттік жүйткіп,  Алматыны ұмытып та кеттік сөйтіп,  Ұмытылмас не бар-ау?!    Қ а й ы р м а с ы:  Бала сүйдік, немере де жетектелді.  Көйлек-шалбар анда-санда үтіктелді.  Шәшті қырау шалды,  Зейнет тақап қалды,  Но нешауа, әйда, қатке, билейік!..  -о-о-о-о-  

Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ