Қазақстан аумағында жер сілкінді
Қазақстан аумағында жер сілкінді
146
оқылды
Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 29 мамыр күні жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жер сілкінісі Алматы уақытымен 01 сағат 38 минут 26 секундта тіркелді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 204 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 8,8. MPV тербелісі – 4,5. Тереңдігі – 25 шақырым. Жерасты дүмпуі Алматыда сезілмеді.