Орта салмақтағы әлемнің үздік боксшылары: Сауль Альварес- чемпион, Геннадий Головкин бірінші орында

Орта салмақтағы әлемнің үздік боксшылары: Сауль Альварес- чемпион, Геннадий Головкин бірінші орында

The Ring журналы орта салмақтағы үздік боксшылардың жаңартылған рейтингісі жариялады, деп хабарлайды Sports.kz. Орта салмақтағы чемпион бөлек шығарылған. The Ring мексикалық боксшы Сауль Альваресті (53-1-2, 36 КО) чемпион деп санайды. Еске сала кетейік, «Канело» – WBA Super титулының иегері, WBC «франчайзингтік» чемпионы.Рейтингте бірінші орында – IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО).Екінші орында – WBO белбеуінің иегері америкалық боксшы Деметриус Андраде (29-0, 18 КО). Үздік үштікті АҚШ боксшысы Джермалл Чарло (30-0, 22 КО) түйіндеді. The Ring нұсқасы бойынша орта салмақта үздік боксшылар ондығы: Чемпион — Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО) 1. Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) 2. Деметриус Андраде (29-0, 18 КО) 3. Джермалл Чарло (30-0, 22 КО) 4. Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) 5. Риота Мурата (16-2, 13 КО) 6. Камил Шеремета (21-0, 5 КО) 7. Крис Юбэнк-младший (29-2, 22 КО) 8. Мацей Сулецки (28-2, 11 КО) 9. Роб Брант (25-2, 17 КО) 10. Лиам Уильямс (22-2-1, 17 КО).