Олар дәріні 550 пайызға қымбат сатты
Олар дәріні 550 пайызға қымбат сатты
233
оқылды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы фармацев­тика саласында әр елде отан­дық өнім үлесі кемі 25 пайыз болуы тиіс, әйт­пе­се био және фармако­ло­гиялық терроризм қаупі төнуі ық­ти­­мал деген ұйға­рым­ға кел­ген болатын. Ал бізде 88 пайыз дәрі шеттен келе­ді. Неге? Отандық фар­­мак­о­логияның халі не­ге на­шар? Өзімізде дәрі өн­­ді­ру­ге не кедергі? Неге бет­­пер­деге зар болып қал­дық? Отандық фармацевтика ту­ра­лы сөз болғанда, алдымен «СК-Фармация» мекемесінің жылдар бойы жүргізіп отырған саясаты айтылады. Өйткені «СК-Фармация» ЖШС 2009 жылдың ақпан айында құрылған, елімізде дәрі-дәрмек сауда-сатты­ғы­мен айналысатын бірден-бір ком­пания. Дәрілік заттар мен меди­циналық бұйымдарды үздіксіз жеткізуді мойнына алған бұл ұйым бүгінде еліміздегі 2 мыңға жуық емдеу мекемесіне қызмет етіп келеді. Дегенмен бұл серік­тес­тік әлі күнге дейін дау-дамай­дан арылмай келе жатыр.  

Қазақстандық үлес 12 пайыз ғана

Алдағы уақытта фармацевтика мен медицина өнеркәсібі сала­сындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру мін­деті Денсаулық сақтау ми­нис­тр­лігіне берілетін болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҮҰСК отырысында осындай мәлім­деме жасады. – Пандемия кезінде елімізді дәрі-дәрмекпен және медициналық өнімдермен қамтамасыз ету ісінің олқылықтары анықталды. Біз импортқа тым тәуелдіміз. Шетелден келетін дәрілердің нарықтағы үлесі 88 пайызға жуық. Фармакологиялық зерттеулер жүргізу үшін тәжірибеміз жет­кілікті. Ғылыми база да, білік­ті мамандар да бар. Сондық­тан Үкімет дәрі-дәрмек ин­­дус­­­триясының біртұтас жүйесін құруы қажет. Мұнда зерттеу жүр­гізуден бастап өнеркәсіптік дең­гейге дейінгі үдерістер қам­тылуы тиіс. Фармацевтика саласындағы саясат ішкі сұ­ранысты қамтамасыз етуге, озық технологияларды тартуға және импортты алмастыруға бағытталғаны жөн. Бұл саладағы дау-дамай бұдан үш жыл бұрын айтылған бола­тын...  

Даудың басы...

Қазақстандағы фармацевтика дауы 2017 жылы ақпан айындағы Елбасы Н.Назарбаевтың Үкі­мет­тің кеңейтілген отыры­сын­да айт­қан сөзінен басталды десек те бола­ды. Жиында Елбасы: – «СК-Фармация» компания­сын алайық. Қазір бұл салаға биз­нес­мендер келіп жатыр. Олар дәрі-дәрмек шығаратын фабрикалар салғысы келеді. Бірақ оларды бұл сала­ға жолатпай отыр. Жер телім­дері мен тапсырыстарды ала алмай жүр. Себебі шет мем­ле­кеттермен келісімшарт жа­сасқан. «СК-Фармация» отан­дық фармацевтика саласын дамытуға құлықсыз. Біз осыны жөнге келтіре аламыз ба? «СК-Фар­мацияда» кім отыр? Барлығын қуып шық. Орнына жаңа адамдарды қой да, қаржының қайда кетіп жатқанын анықта. Неге олар осылай істеп отыр? Жаңа адамдар ал. Мұны айтқаныма бірнеше жыл болды. Бірақ нәтиже жоқ. Орнынан мүлдем қозғалмайтын белгісіз азаматтар отыр. Оларды кім қолдап отыр? Осы үшін Елжан Бір­танов жауап береді, – деген бола­тын. Сол уақытта сең қозғалып, «СК-Фармация» компаниясы мен «КазСибФармацея» ком­па­ниясының жетекшілері мем­лекеттен кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясын­да дәрі-дәрмек сатып алуға бө­лін­ген қаржыны жымқырды деген күдікпен қамауға алын­ды. Компания басшысы Мак­­­сим Касаткин тендер ке­­зін­де «КазСибФармацея» ком­па­­­­ния­сы­ның мүддесі үшін басқа бәсе­келестердің өтініштерін қайта­рып тастап отырғаны белгілі бол­ды. «КазСибФармацея» ком­па­ниясы дәрі-дәрмектерді Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен ең жоғарғы 15 пайыз­дық көтерме бағадан қымбатқа сатқаны дәлелденді. Олардың 2015 жылдан бастап 1,8 мил­лиард теңгеден астам қаржы жым­қыр­ға­ны анықталды.  

Баға аспандап тұр

Дегенмен жыл өтпей жатып «СК-Фармация» тағы да сөзге қалды. Бұл жолы іс Парламентте қаралды. 2018 жылы ақпанда Мәжіліс депутаты Г.Бижанова: – Фармацевтика саласындағы бағалар тіптен аспандап кеткен. Мы­салы, қатерлі ісік ауруына қар­сы қолданатын фазладекс дәрісі Түркияның дәріханаларында біздің валютаға шаққанда 61 982 теңге тұрады екен. «СК-Фар­мация» осы дәріні 205 275 тең­геге сатып алып, ол біздің дәріханаларда 298 996 теңгеге саудаланады. Сонда бұл дәрі өзінің о бастағы бағасынан 482 пайызға қымбаттап отыр деген сөз. Кейбір дәрілер өз бағасынан 550 пайызға дейін қымбат сатылады. Өйткені осы тауар белгісінің иелері дәрі-дәрмекті басқа елдерге қарағанда Қазақстанға өте қымбат сатуға дағдыланып алған. Бәлкім, о баста ақшаның бетіне қарамай қымбатқа сатып алып, дәніктіріп қойған өзіміз болармыз? – деген болатын. Иә, осыдан барып, біздегі дәрі-дәрмекті жеткізу саласындағылар шетелдік өндірушілерге неге үйір болатынына көз жеткізе түскен­дейміз.  

Карантинде тағы да сүрінді

Сонымен бірге пандемия ке­сі­рінен шетелден дәрі-дәрмек асыруға мүмкіндік болмай қал­ған­да, едәуір қиыншылық туын­да­ғаны да рас. «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Берік Шәріп: – Үндістан сәуір айында ше­ка­расын жапты. Салдарынан осы айдың басынан бастап қиындық туды. Дәл қазір мәселе қордағы дәрі-дәрмек арқылы шешіліп жатыр, – дейді. Иә, карантин созылып, шекара ашылмаса, жағ­дай қиындай түсетіні де ақиқат. Еліміздегі карантин уақы­тын­да шетелдерден келген гума­ни­тарлық көмек әжептәуір сеп болғаны анық. Мысалы, «СК-Фармация» ЖШС АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Түр­кия және Біріккен Араб Әмір­лік­терінен гуманитарлық көмек қабылдаған екен. Бұл туралы Берік Шәріп: – Гуманитарлық көмек дене қызуын өлшейтін термометр, пе­рометр сияқты құралдар, меди­циналық бетперде, бір рет қол­данылатын қорғаныш киімдері түрінде ұсынылды. 42 450 дана бір рет қолданылатын қорғаныш киімдерін медици­на­лық мекемелерге жеткіздік. 320 мың медициналық бетперде мемлекеттік мекемелерге тара­тыл­ды, – дейді. Анығында, гуманитарлық көмек бұл тығы­рық­­тан шығар жол емес...  

Отандық фармацевтика әл үстінде

Айта кету керек, отандық фар­ма­цевтика өнімдерінің тең жартысын емдеу мекемелеріне жеткізу «СК-Фармация» ЖШС мойнында. Отандық өндіріске емес, шетелдік делдалдарға ақша шашқанды жақсы көретін серік­тестіктің жұмысы әлі қалып­қа кел­мегені қынжылтады. Өйт­кені 2019 жылы сатып алын­ған отандық өнімнің көлемі 40 па­йызға азайып кеткен. Енді та­бысы аз болғандықтан, 2020 жылы дәрі-дәрмек өндірісі 20 пайызға, осы іспен айналысатын кәсіпорындардың жұмысшылары 30 пайызға қысқаруы мүмкін.  Қалай айтсақ та, отандық фар­ма­цевтикаға деген осындай көз­қарастан кейін бұл саладағы кәсіп­орындар бәсе­ке­лес­тікке шы­дай алмай, жұмыс­та­рын ақса­тып алғалы тұр.     Түйін:  

Ресми деректерге жүгінсек, 2018 жылдың қаңтар-қараша ай­лары аралығында елі­міз­ге сырт мемлекеттен 21,7 мың тон­на медициналық препарат жет­­­кізіліпті. Сол үшін еліміз экс­порттаушыларға 819,4 млн дол­лар төлеген. Ресей 70,9 млн дол­ларға 6,4 мың тонна дәрі-дәр­мегін саудалады. Қытай­лық­­тардан 2,6 мың тонна дәрі 9 млн долларға сатып алдық. Гер­­­маниядан жеткізілген 2,1 мың тонна медициналық пре­па­ратқа 161,1 млн доллар кет­ті. Ал Үндістан біздің елге 1,6 мың тонна дәріні 62,8 млн дол­лар­ға өткізді. Осы сырттан қым­бат­қа сатып алып жатқан дәрі-дәр­­мектердің 90 пайызының шикізаты Қазақстанда бар. Бір реттік медициналық бетпердеге де зәруміз. Оны тігетін өнім де өзімізде жеткілікті. Олай болса, ішкі сұранысты отандық өнді­рушілер есебінен қамтамасыз ет­­песек, миллиардтаған қаржы ше­тел аса берері хақ.

   

 width=Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ