Бурабайда жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы адам қағып кеткен. Төлем терминалына барып, жолақысын төлеп тұрған кісі сол жерде көз жұмды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. Телеарна мәліметінше, соққының қатты болғаны сонша марқұм 40 метрдей ұшып, денесі бөлшектеніп кетіпті. Ал полицей оқиға орнынан із суытқан.
"40-43 метрге ұшып кеткенін айтты. Ұшқаны соншалық Щучьеде соққаннан кейін тоқтамаған, ары қарай кетіп қалған. Мас болған, мас болған дейді, иә", - дейді марқұмның қызы Маржангүл Нүкенова.