Қазақстан ішінде демалатын он бес жасқа дейінгі балалар тегін ұшады. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға "Қазақтуризм" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Жоба "1+2" есебімен 2 жастан 15 жасқа дейінгі балалар үшін ел ішінде ұшуға кететін шығынды өтеуді көздейді.
"Қазақстандықтарды ел ішінде демалуға ынталандыру үшін біз "KIDS GO FREE" жобасын әзірледік. Республикалық бюджеттік комиссия қарауы үшін қаржы министрлігіне жібердік", - деп хабарлады "Қазақтуризмнен".Ұлттық компанияның хабарлауынша, бұл демалысты 30%-ке арзандатуға мүмкіндік береді. 100 мың отбасы немесе 600 мың қазақстандық үшін 7,6 миллиард теңге субсидияланған кезде 33 миллиард теңгеден астам қаржы ел экономикасына түседі. Яғни, Қазақстан экономикасына бір теңге субсидияға 5 теңге келеді. Қазақстан ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметінше, былтыр ішкі туристің орташа чегі 108 мың теңгені құрады.