Қоғам белсенділері және қазақстандық ғалымдар БАҚ-та айтылып жатқан электрондық темекінің зияны жоқ деген сөзге қарсы шықты. Бұл ретте олар сарапшылардың пікірін ұсынуға дайын. "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексте вейп және электрондық темекіні кәдімгі темекіге теңестіру (сату орындарында оларды қоюға тыйым салу, қоғамдық орындарда оларды тұтыну) - мәжілісмендердің уақытылы шешімі. Бұл толықтыруларды қабылдау жастар арасындағы эпидемияның өсу қарқынын төмендетіп, вейп сұйықтығының құрамын білуге және электрондық темекінің түтінін (IQOS, GLO) тексеруге мүмкіндік береді. Бұлар өте қауіпті және қатірлі ісіктің пайда болуына әсер етуі мүмкін. Кәдімгі темекіге қарағанда электрондық темекінің зияны аз екені (90%-ға) туралы пайым - бұл ғылымға және денсаулық сақтау саласына қатысы жоқ адамдардың дәлелсіз сөзі. Бұл сөздер тұтынушыны ғана емес, оны тұтынуға тыйым салуға шешім қабылдайтын үкіметті де адастырып отыр дейді қоғам белсенділері.