Атырау халқы аурудың алдын алса
Атырау халқы аурудың алдын алса
Атырауда коронавируспен күреске 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды.  Алайда  Атырау  облысында бүгінгі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі 8 маусымға дейін ұзартылып, өңірде бірқатар шектеулер сақталатын болды. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өңірдегі коронавирус ахуалын тұрақтандыруға қатысты онлайн брифингте мәлімдеді. Аймақ басшысы М.Досмұхам­бе­тов­тің айтуынша, коронавирус инфекциясымен күреске респуб­ли­кадан 500 млн теңге қаржы бөлінді. Шамамен осындай сома жергілікті бюджеттен де бөлінді. Бұл қаражаттар мақсатты түрде жұмсалды. Кәсіпкерлер мен ірі кәсіпорындардың, компания­лар­дың көмегі зор болды. Соның арқасын­да медициналық құрал-жабдықтар, жеке қорғаныс құ­рал­­дары, дәрі-дәрмектер алын­ған. Қонақүйлерде медицина қызметкерлеріне және карантинде жатқан азаматтар үшін жатын орын­дарының ақысы төле­ніп, уа­қы­­тылы тамақтандыру ұйым­дас­ты­рылды. Аймақ басшысы М.Досмұхам­бе­тов онлайн брифингте Теңіздегі жұмысшыларға қатысты сұраққа «Теңізшевройл» компаниясымен күнделікті жиналыс өткізілетінін, олардың Теңіз кенішіндегі жұмыс­шы­ларды қысқарту мен өндіріс орнын тоқтату туралы ешқандай жоспары жоқ екенін атап өтті. – Бастапқыда небәрі 180 ин­фек­циялық орын болса, бүгінде 540 орынға дейін кө­бей­ген. 300 орыннан астам провизор­лық орын, 2 000-нан астам ка­ран­­тин орны жасақталған. Екі айдан астам уақыт ішінде ау­қым­­ды жұмыс атқарылды деп есеп­теймін. Төтенше жағдай мен карантин шараларының арқасында індет­тің жаппай таралуына жол бе­ріл­меді. Құрметті жерлестер, ең алд­ымен сіздерге айрықша ал­ғы­сымды білдіремін! Себебі қиын сәтте сабыр сақтап, төзім­ділік таныттыңыздар. Алайда ай­­мақтағы эпидемиологиялық ахуал әлі де болса сақтануды қажет етеді. Сондықтан облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері карантин талаптарын 8 маусымға дейін ұзартты. Теңіз кеніші қа­зір өңірдегі ең үлкен ошаққа айнал­ды. Өткен аптада арнайы барып, жағдайды көрдім. Теңіз кенішінен өндіріске тікелей қатысы жоқ 18 мыңнан астам жұмысшыны уа­қытша шығардық. Олар аман-есен отбасымен қауышты, – деді аймақ басшысы М.Досмұхамбетов. Алай­да дер кезінде мемлекеттік ко­миссия шешім қабылдап, осын­дай қадам жасалмағанда Теңіз ке­ні­шіндегі ахуал тіпті ушығуы мүм­­кін екеніне тоқталды. Аймақтағы коронавирус ахуа­лын тұрақтандыруға қатысты 27 сәуірден бастап карантин талап­тары кезең-кезеңмен жеңілдетіліп, қазір облыста 4 200-ден астам ны­сан ашылып, 75 мыңнан ас­там адам қалыпты жұмысына кі­ріс­кенін айтты. Көптеген ел ка­ран­тин мерзімін ұзартып, кейбір мемлекеттер сақтық талаптарын қатайтқанына тоқталған облыс басшысы «Жаман айтпай, жақсы жоқ. Сондықтан карантин режимін барынша ұстанып, әлеуметтік арақашықтықты сақтауды бір сәт те ұмытпауымыз керек. Ал сани­тарлық талап қай жерде де қатаң сақталуы тиіс», – деді. Аймақ басшысы қатысқан онлайн брифингке Тауарлар мен көр­сетілетін қызметтердің сапа­сы мен қауіпсіздігін бақылау депар­та­менті басшысының міндетін атқарушы Амантай Жұмағалиев та қатысты. Алғашында індет оша­ғы қала мен Теңіз кеніші бол­ған­мен, бүгінде індет жұқтыру де­ре­гі облыстың алты ауданында тір­кел­ген. «Себебі ауру ауа арқылы да та­райды. Бұл ауруды кез келген адам жұқтыруы мүмкін. Сондық­тан жұмысқа қайта кіріскен кә­сі­п­­орындар санитарлық талап­тар­ды қатаң сақтап, әр адам өз ден­сау­лығын өзі қорғауы керек» деп атап өтті спикер Амантай Жұма­ға­лиев. Оның айтуынша, Атырауда базар­лар коронавирус көрсеткіші төмен деңгей болғанда ғана ашы­лады. Дүниежүзілік денсау­лық сақтау ұйымының ұсынысы бо­йын­ша, коронавирус инфекция­сына қатысты өз критерийі бекі­тіл­ген. Бұл деңгей 7 пайыздан асса, эпидемиологиялық жағдай қиын деген сөз. Егер Атырауда апта бойына инфекция жұқтыру дең­гейі төмен сақталатын болса, базар­ға байланысты карантин талап­тарына өзгерістер енгізуге болады. Аймақ басшысы М.Досмұхам­бе­тов онлайн брифингте «Өкінішке қарай, елімізде коронавирус ин­фек­циясының барына күмән кел­ті­р­етін адамдар көшеде қыдырып, туған-туысының үйіне баруда. Ба­ла­лар аулаларда бірге ойнап, бір-бірімен тығыз байланыста жүр. Аталған вирус қазір облыс кө­ле­мін­де, әр ауданда таралуы адам­дарды ойландыруы керек. Алдын алмасақ, салдары ауыр бола­тыны анық» деп облыс тұрғын­дарын отбасы, ата-ана мен тұтас елдің амандығы үшін карантин режимін сақтауға үндеді.  

 width=

 

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы