Елдегі коронавирус жағдайына байланысты жастар әскер қатарына қабылданар алдында 14 күн карантинде жатып, инфекциялық тесттен өтетін болады. Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы Амантай Өсербаев осы мәселе жөнінде баяндады. Әуелі әкімнің шешіміне байланысты медициналық комиссияның құрамына жұқпалы аурулар маманы қосылады. Барлық шақыру орындарында медициналық пост қойылып жатыр. Яғни, әрбір шақырылған азаматтың дене қызуы тексеріліп, бірден жұқпалы аурулар дәрігеріне көрінеді. Сондай-ақ әскерге шақырылғандардың ант қабылдау рәсіміне ата-аналары мен туыстары шақырылмайтын болды. Тек санитарлық нормаларды сақтай отырып рәсім өткізіледі.
М.ХАҚНАЗАР