Балалар ұшақта тегін ұшады
Балалар ұшақта тегін ұшады
Фото: Интернеттен алынды
Балалар ұшақпен тегін ұшуға мүмкіндік алды. Спорт және мәдениет министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рысбеков: «Ата-аналарымен бірге ел ішінде саяхаттайтын 14 жасқа дейінгі және 14 жасқа толған балалар ұшақпен тегін қатынай алады. Бұл ретте ата-аналардың біреуі тек 2 баланы ғана тегін алып жүре алады. Шетелдік балаларға мұндай жеңілдік жүрмейді. Бұл тек қазақстандықтарға ғана қатысты», ­– деді.