Астаналықтар Арыс халқына көмек беру қосынын ашты
Астаналықтар Арыс халқына көмек беру қосынын ашты
192
оқылды

Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы гуманитарлық көмек беру қосынын ашты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алғашқы көмек көрсетуге қажетті заттар: азық-түлік, консервілер, дәнді дақыл өнімдері, балаларға арналған киімдер, төсек орын жабдықтары. Осы және өзге заттарды   «Жастар» сарайына (Республика даңғылы 34, 3 қабат, 306 кабинет) жеткізуге болады. Қосымша ақпарат үшін телефон: 8 775 513 64 41