Қазақстанда барлық блокпосттардың қашан алынатыны белгілі болды
Қазақстанда барлық блокпосттардың қашан алынатыны белгілі болды
Фото: Интернеттен алынды
121
оқылды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов Қазақстан қалалары арасындағы блокбекеттер қашан алынатынын мәлімдеді.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте: «Ведомствоаралық комиссияның 1 маусымнан бастап қалалар арасындағы блокбекеттерді алып тастау туралы шешіміне сәйкес 5 маусымнан бастап тасымалдауды қайта бастау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Жолаушыларды автобустармен тасымалдау кезіндегі тиісті жұмыс алгоритмі бас санитар дәрігердің 2020 жылғы 10 мамырдағы қаулысының талаптарын ескере отырып әзірленген, енді маршруттың соңғы пункттерінде автобустарға дезинфекция жүргізілуі тиіс, ал жолаушыларға тек маскамен кіруге рұқсат беріледі», – деді Жәнібек Тайжанов.  
Оның айтуынша, жергілікті әкімдіктер қажетті шараларды, карантин талаптарын сақтай отырып қабылдайды.