Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына сапары барысында «Ең-Дала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ауыл шаруашылығы алқабын аралап көрді.
Қазақстан Президентіне агроөнеркәсіптің техникалық жабдықталуы мен өнімді арттыруға бейімделген жер өңдеу технологиялары, сондай-ақ, А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы әзірлеген элиталық тұқымды пайдалану жөнінде мәлімет берілді.
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Мемлекет басшысына аймақтағы агроөнеркәсіп кешені, егін және мал шаруашылығын дамыту жоспары, сондай-ақ, елорда тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндады.
[caption id="attachment_47476" align="alignnone" width="2560"]