Білім ордалары күрделі жөндеуден өтіп, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіледі
Білім ордалары күрделі жөндеуден өтіп, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіледі
Фото: Интернеттен алынды
413
оқылды
Соңғы кезде білім беру мекемелерін жөндеу, материалдық-техникалық базасын заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге жете мән беріп жатыр.   [caption id="attachment_47503" align="alignnone" width="720"] width= Фото: Интернеттен алынды[/caption] Мәселен, Алматы облысы Сарқандағы мектепті жөндеу жұмыстарына 10 миллион теңге бөлінді. Оның ішінде, мектептегі дәретханалар проблемасы шешілді. Жаңадан жиһаздар сатып алынды.   [caption id="attachment_47504" align="alignnone" width="1032"] width= Фото: Интернеттен алынды[/caption] Д.Рақышов атындағы мектеп-интернат та заман талабына сай қайта жөндеуден өтті. Талдықорған қаласындағы білім мекемесінің оқу корпусы мен жатақханасының есік-терезесі түгелдей ауыстырылып, балаларға жайлы болу үшін төсек-орын жабдықтары жаңартылды.   [caption id="attachment_47505" align="alignnone" width="1152"] width= Фото: Интернеттен алынды[/caption] Сонымен қатар Шымкент қаласындағы №18 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін инклюзивті мектепке де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізу басталды.   [caption id="attachment_47506" align="alignnone" width="1032"] width= Фото: Интернеттен алынды[/caption] Биыл 11 мамырдан бастап күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Ғимараттың есік-терезесінен бастап, іші-сырты, ауласындаға тозығы жеткен алаңқайлар да толық жөндеуден өтеді. Күрделі жөндеу жұмыстары биыл қыркүйек айында аяқталады.