Соңғы кезде білім беру мекемелерін жөндеу, материалдық-техникалық базасын заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге жете мән беріп жатыр. [caption id="attachment_47503" align="alignnone" > Фото: Интернеттен алынды[/caption] Мәселен, Алматы облысы Сарқандағы мектепті жөндеу жұмыстарына 10 миллион теңге бөлінді. Оның ішінде, мектептегі дәретханалар проблемасы шешілді. Жаңадан жиһаздар сатып алынды. [caption id="attachment_47504" align="alignnone" > Фото: Интернеттен алынды[/caption] Д.Рақышов атындағы мектеп-интернат та заман талабына сай қайта жөндеуден өтті. Талдықорған қаласындағы білім мекемесінің оқу корпусы мен жатақханасының есік-терезесі түгелдей ауыстырылып, балаларға жайлы болу үшін төсек-орын жабдықтары жаңартылды. [caption id="attachment_47505" align="alignnone" > Фото: Интернеттен алынды[/caption] Сонымен қатар Шымкент қаласындағы №18 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін инклюзивті мектепке де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізу басталды. [caption id="attachment_47506" align="alignnone" > Фото: Интернеттен алынды[/caption] Биыл 11 мамырдан бастап күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Ғимараттың есік-терезесінен бастап, іші-сырты, ауласындаға тозығы жеткен алаңқайлар да толық жөндеуден өтеді. Күрделі жөндеу жұмыстары биыл қыркүйек айында аяқталады.