БҚО-да күннің қатты ыситыны жөнінде ескерту жарияланды

БҚО-да күннің қатты ыситыны жөнінде ескерту жарияланды

Батыс Қазақстан облысында күннің қатты ыситыны жөнінде ескерту жарияланды. «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша 30 мамыр күні күндіз кей жерлерде найзағай ойнап, күн 35-39 градусқа дейін ысиды. Облыс орталығында да қатты ыстық – 35 градус. Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында күш-құралдар дайындыққа келтіріліп, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылғанын жеткізді. Өмірлік маңызы зор нысандардың, электр және байланыс желілерінің қалыпты қызметін қамтамасыз ету бағытында шаралар алынуда.