Жөндеу жұмыстарындағы кемшіліктерді байқады

Жөндеу жұмыстарындағы кемшіліктерді байқады

Qutty meken партиялық жобасы аясында мониторинг­тік топ Солтүстік Қазақстан облысындағы бірқатар меди­циналық мекемелерді ара­лап, ондағы жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарында бір­қатар кемшіліктердің барын анықтады. Nur Otan партиясы СҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, арнайы бақылау тобы облыстық фтизиопульмо­нология орталығына, облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығына және көпсалалы қалалық ауруханаға барған. Облыстық ЖИТС орталы­ғындағы зертханаға күрделі жөн­деу жүріп жатыр. Құрылыс­шылар 5 тамызда аталған нысан­ды қол­данысқа беруі керек екен. Әзірге бәрі кестеге сай жүзеге асырылуда. Ал Петро­павлдағы көпбейінді қалалық ауруханада 1-қабат пен жертөле күрделі жөндеуден өткі­зіледі. Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру жоспар­ланған. Тексерушілер жұмыстың жылыту маусымы бас­талғанға дейін аяқталуы қажет екенін айтып отыр. Мониторинг барысында фти­зиопульмонология орталығында мониторинг тобының мүшелері кір жуатын жерді күрделі жөндеп жатқан мердігерде жұмыс кес­тесінің болмағанын анықтады. Сонымен қатар нысанда жұмыс­пен қамту орталығы арқылы жұ­мысқа орналастырылған бірде-бір адам жоқ болып шықты. – Кір жуатын орынды ком­пания 2,5 айдың ішінде жөндеп тапсыруы тиіс. Алайда жұмыс жүр­гізу кестесі жасалмаған. Жұмыс­пен қамту орталығы арқы­лы олар 8 адамды жұмысқа орна­лас­тыруы керек еді, іс жүзінде бірде-бір адам жоқ. Адамдар жеке қорғаныс құралдарынсыз жұмыс істеуде. Міндеттеме бойынша ма­териал­дың 90%-ы қазақстандық болуы тиіс. Бірақ кір жуатын орын­­ға қажетті барлық жабдықтар Ресей­ден әкелінген. Олар өз міндет­теме­лерін толық орындамай отыр, – деді мониторингтік топтың же­тек­шісі Юрий Белоног. Дәл осындай жағдай фтизио­пульмо­нология орталығының күрделі жөндеуден өтіп жатқан 3-қабатында да анықталды. Мұн­дағы жұмыстар 3 айдың ішінде аяқ­талуы керек еді, өкінішке қарай жұмыс кестесі құрылмаған. Құжат бойынша жұмыспен қамту орталығынан 15 адам жұмысқа орналастырылуы қажет болса, нысанда іс жүзінде тек 1 адам ғана еңбек етіп жүр. Тексеріс кезінде барлық меди­циналық орталықтың басшы­ларына ескерту жасалды. Алдағы уақытта аталған мониторингтік топ бұл нысандарды басты назарда ұстайтынын айтты.  

Әбілмансұр ЖАСАН