2 мың бетпердені кім алды?
2 мың бетпердені кім алды?
167
оқылды
Каран­­тин кезінде медициналық бетпер­делерді тағу қажеттілігі ту­ралы бұған дейін бірнеше рет айтылған болатын. Осыған орай, Nur Otan партиясы Алматы қала­лық филиалының төра­ғасы, қала әкімі Бақытжан Сағын­таев қалада санитар­лық қауіпсіздік режимін қатаң сақтау шара­ла­рын қабыл­дауды тапсырды. Қала бойынша енгізілген режим індетті жұқ­тыр­ғандар санын шектеу және оны тұрақтандыру тұр­ғы­сынан өте маңызды. Азаматтардың ре­­жимді қатаң ұстану қажеті бо­­йын­ша ескерту жұмыстары бел­сенді түрде жүргізілуде. Алай­да қалыптасқан эпидемио­ло­­гиялық жағдайды ескере оты­рып, режимді сақтамайтын адам­дарға қатысты әкімшілік жа­­залау мен басқа да шаралар қол­­данылады. Сондай-ақ лауа­зым­­ды тұлғалармен қоса, өз объек­тілеріне азаматтарды бет­пер­десіз жіберетін кәсіпкер­лер де әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Осыған байланысты Jas Otan Жастар қанатының ал­ма­тылық филиалы қала тұр­­ғын­дарына медициналық бетпер­делерді қолданудың және қажетті қашықтықты сақтаудың маңызы туралы ескерту және түсіндіру бойынша «Өз жақындарыңды сақта» акциясын іске қосты.    width= Акция аясында арнайы оқу­дан өткен Jas Otan еріктілері қа­та­­­рынан мобильді топтар құ­рыл­­­­ды. Мобильді топтардың мін­­­­деті – күшейтілген түсін­ді­ру жұ­­­мыстарын жүргізу, қажет бол­ған жағдайда медицина­лық бетперде тарату және темпе­ра­ту­ра­ны өл­­шеу. Jas Otan еріктілерінің 4 мо­би­ль­ді тобы үш жерде, яғни «Көк базар», Арбат және қоғам­дық көліктерде рейд жүргізді. Рейд барысында 2 000-нан ас­там адамға режим туралы түсін­­ді­ріліп, 2 000-ға жуық меди­­ци­налық бетперде тара­тыл­ды. Сондай-ақ Nur Otan пар­тия­сы­ның Алматы қалалық филиа­лы вирусты жұқ­тыру қаупін тө­мендету мақса­тын­да қала тұр­ғын­­дарын карантин ре­жим­­ін қатаң сақтауға шақыр­ды. Айта кетейік, науқан алдағы күн­дері қаланың барлық аудан­да­рында жалғасады.  

Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ