3 миллионнан астам отандасымыз қуғын-сүргін көрді

3 миллионнан астам отандасымыз қуғын-сүргін көрді

«1920-1930 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін, ашар­шылық ауыр азап болды және адамдыққа жат­пайтын әлеуметтік эксперимент нәтижесінде 3 мил­лионнан астам отандасымыз қаза тауып, жер ауда­рыл­ды». Бұл- Президент Әкімшілігі басшысының бі­рінші орынбасары Дәурен Абаев келтірген мәлімет. Ол бұл деректерді Қазақстан халқы Ассамблеясы Сая­си қуғын-сүргін және ашаршылық құр­бандарын ес­ке алу күніне орай ұйымдастырған «Тарихтан та­ғылым – өткенге тағзым» атты конференцияда айтты. Оnline-конференция жұмы­сына Президент Әкімшілігі бас­шысының бірінші орынбасары Д.Абаев, Қазақстан халқы Ассам­блеясы Төрағасының орынбасары Ж.Түймебаев, Парламент депу­таттары, шетелдік және қазақ­стан­дық сарапшылар мен ғалым­дар, жазаланғандардың ұрпақ­та­ры, ҚХА мүшелері, шығарм­а­шы­лық және ғылыми зиялы қауым, Ассамблеяның ғылыми-сарап­шылық қоғамдастығы, мемле­кеттік органдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Шара барысында спикерлер Қазақстанның Тұңғыш Прези­денті – Елбасы Н.Назарбаевтың қазақ халқына қатысты тарихи әділдікті қалпына келтірудегі рө­ліне тоқталды. Конференцияда сөз сөйлеген Президент Әкім­ші­лігі басшысының бірінші орын­басары Д.Абаев: «31 мамырда 100 мыңға жуық саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске аламыз. Қай­ғылы оқиғаны ұмытпау – біздің азаматтық парызымыз. 1920-1930 жылдардағы жаппай қуғын-сүр­гін, ашаршылық ауыр азап болды және адамдыққа жатпайтын әлеуметтік эксперимент нәти­же­сінде 3 миллионнан астам отан­да­сымыз қаза тауып, жер ауда­рылды. Бұл оқиға халқымыздың жанына жара салды. Сол үшін Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаев егемендігіміздің алғашқы жыл­дарынан саяси-қуғын сүргін құр­бандарын есте сақтап, рухына тағ­зым етуге зор мән берген. Мем­лекет басшысы Қасым-Жо­март Тоқаев осы ұстанымды жал­ғастырып келеді», – деді. Ал Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясы Тө­рағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев  тарихи ақтаңдақтарды қалпына келтіріп, қуғын көрген азаматтарды ақтауда Елбасының рөлі зор болғанын айтты. «1988 жылы Қазақстан Ком­партиясы ОК қаулысымен қазақ интеллигенциясының көрнекті өкілдері: Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов т.б. ақталды. Қазіргі уақытта архив материалдарын зерттеу жұмыстары жалғасуда. Елбасының тағылым саясатының тағы бір бағыты қазақ ұлттық интеллигенциясы өкілдерін то­лықтай тарихи ақтау болып та­былады», – деді Ж.Түймебаев. Өз кезегінде сенатор Нұрлан Дулат­беков саяси қуғын-сүргін әлі де толық зерттелмегенін айтты. «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»  халықаралық жобасының іс-шаралары тұңғыш рет 2010 жылы ТМД-ға мүше мемлекет­тердің Гуманитарлық ынты­мақ­тастығының мемлекетаралық қо­рының қолдауымен елордада және «АЛЖИР» музей-мемо­риал­дық кешенінде ұйым­дастырылды. Іс-шара содан кейін жыл сайын өткізіліп келеді.  

Ардақ СҰЛТАН