Вирус Алматының сауда қызметіне соққы болды
Вирус Алматының сауда қызметіне соққы болды
5,109
оқылды
Төтенше жағдай мен ка­ран­тин кезінде қозға­лыс­қа қойылған шектеулер мен өндірістік қызметтің тоқ­тауы әлеуметтік-эконо­ми­калық ахуалға айтар­лық­тай кері әсер еткені жасы­рын емес. Бюджетінің ба­сым бөлігі кәсіпкерлік пен қызмет көрсету сала­сы­нан түсетін Алматыда карантин мерзімінде адамдардың табыссыз қалуы олардың өздеріне ғана емес, қала эко­номикасына да бір­ша­ма кері ықпал еткені анық. «Алматыда көбінесе қызмет көрсету саласы зардап шекті. Мем­лекеттік сектордан және денсаулық сақтаудан басқа, қала­ның қызмет көрсету секторында барлық жұмыс күші шамамен 74 пайызды құрайды. Қызмет көрсету секторының ауқымды бөлігі шығынға ұшырағанын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімет­тері де көрсетеді. 15 сәуірдегі жағ­дай бойынша әлеуметтік тө­лем­дер үшін 898 136 адам (қыз­меткерлердің 90%-ы) жүгін­ген. Олардың 447 363-і (қызмет­кер­лердің 49%-ы) төлемдерді алды», – деді Алматы қаласы Кәсіп­керлер палатасы директоры Нариман Әбілшайықов. Карантин қала эконо­ми­касына айтарлықтай салқынын тигізгенін шаһар басшысы Бақыт­жан Сағынтаев та жоққа шы­ғармайды. Оның айтуынша, Алматы экономикасы төтенше жағдай режимі мен карантинге байланысты 9,2%-ға төмендеді. «Біз көлік жүйесінде, саудада құл­дырау болғанын көріп отыр­мыз, осының есебінен эко­но­ми­ка­ның 9,2 пайызға төмен­деуі байқалады. Тиісінше, инвес­ти­циялар да төмендеді. Бұл эко­но­­микамыздың құрылымын көр­сетеді – біз саудаға өте тәуел­ді­м­із, ал сауда көлікпен де бай­ла­ныс­ты. Карантин болып, адамдар ешқайда шықпай отырды, авто­көлік іс жүзінде жұмыс істе­ме­ді. Бұл да қатты әсер етті», – деді Бақытжан Әбдірұлы. Статистикалық дерек­тер­ге сүйен­­сек, Алматы эконо­ми­ка­­сы­­ның 40 пайызы саудамен бай­ла­ныс­ты екен. Қала әкімі «Егер қала эконо­ми­касының құрылымында сауда тіпті 15% болса, біз басқаша өмір сү­рер едік және салық кө­бе­йе түсер еді, экономиканы те­зі­­­рек қал­пына келтірер едік» де­ген ойын айтты. Осылайша, өнер­­­кә­сіптегі олқылық, әсіресе тө­­тенше жағдай мен карантин кезін­де айқын аң­ғарылып қалды. Күні­міз сау­даға тәуелді екені де бұ­рын­ғы­дан бетер сезілді. Күн­де­лікті нә­пақасын сауда мен қыз­мет көр­се­ту саласынан тауып, өз күн­де­рін өзі көріп жүргендерді жаз­ғыра ал­майсың. «Базарда көкөніс сатамыз. Екі айға жуық карантиннен кейін жұ­мысқа енді шығып тұрмыз. Табы­­сымыздан қағылдық. Қалада пә­тер жалдап тұрушы едік, көптен бері бір жерде тұрғандықтан, пәтер иесі түсіністікпен қарап, пәтердің ақысын алмады. Тек  коммуналдық төлемдерді төлеуге келісті. Оған да рақмет. Әйтпесе, жағ­дайымыз, тіпті қиындап ке­тер еді. Мемлекет берген 42 500 тең­гені де ала алмадық. Енді бір­тін­­деп қалыпты жұмыс режиміне көшіп жатырмыз», – дейді қала тұрғыны Гүлжан Кәрімбекова. «Жұмысымыз қашан баста­лады?» деген алаң көңілмен отыр­­­ған тағы бір қауым бар. Олар – азық-түлік емес базар сау­да­герлері. Қаладағы коро­на­ви­рус инфекциясына байланысты жағ­дай қалыпты болса, бұл сауда орын­дары 1 маусымнан жұмысын бастауы мүмкін. «81 мың адам жұмыс істейтін сауда орындарының 76,5 па­йы­зы әлі күнге дейін жабық. Айта кету керек, ви­рустың ба­зар­ларда та­ра­лу ық­ти­малдығы жабық және жел­­детілмейтін бөлмелерге қара­ған­­да әлдеқайда төмен. Алаң жел­­де­тіледі, жазда тем­пература жо­­ғары, ашық жер­­де әлеуметтік қа­­шықтық ере­­желерін еркін сақ­­тауға мүм­кін­дік бар», – де­ді Өңір­­лік па­лата директоры Нари­ман Әбіл­­­шайықов. Демек, таяу күн­дері карантинді шектеу ша­ра­­ларының кезең-кезең бо­йын­­ша алынуына байланысты та­ғы мың­даған адам жұмысқа ш­ы­ғады. Бұл жұмыскерлердің өз­деріне де, эко­номикаға да тиім­­ді. Тек сақтану шараларын на­зар­дан шығармау керек.  

 width=Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ