Елорданың теміржол вокзалдары жолаушылар тасымалына дайын ба?
Елорданың теміржол вокзалдары жолаушылар тасымалына дайын ба?
фото: ашық дереккөз
150
оқылды
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті жолаушылар вагондары жəне Нұр-Сұлтан қаласындағы теміржол вокзалдарының пандемия жағдайында жұмыс істеуге дайындығын тексерді, деп хабарлайдыдустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі. «ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Ж.Тайжанов «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдерімен және тасымалдаушылармен бірге жолаушылар вагондарының жəне Нұр-Сұлтан қаласындағы теміржол вокзалдарының пандемия жағдайында тасымалдауды жүзеге асыруға дайындығын тексерді. Жалпы, көліктегі бас санитарлық дəрігердің нұсқаулары бойынша жолаушылар вагондарында жəне Нұр-Сұлтан қаласындағы вокзалдарда қажетті іс-шаралар жасалған», - делінген министрлік таратқан ақпаратта. Ведомство мәліметінше, «Нұрлы Жол» және «Нұр-Сұлтан-1» вокзалдарында жолаушылардың ағынын реттеу үшін шектеу ленталары тартылған. Ара қашықтықты сақтау белгілері орнатылды. Күту залдарында санитайзерлер орналастырылған. Əрбір жолаушылар вагондары гигиеналық сұйықтық жəне қорғаныс құрылғыларымен қамтылған. «Жалпы, атқарылған іс-шаралар пандемия кезінде жолаушылар тасымалын максималды түрде қауіпсіз тасымалдауға мүмкіндік береді», - деді министрліктен. Еске салайық, бұған дейін ел ішіндегі теміржол қатынасы 1 маусым күні қайта жанданатынын хабарлаған болатынбыз. Пойыз тасымалы үш кезеңмен қалпына келтіріледі.